25 Мамыр, 2011

Елорда бюджеті еселене түспек

349 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Астана қаласы әкімдігінде қала әкімі Иман­ғали Тасмағамбетовтің төрағалығымен Мемлекет басшысының қала бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайту және салықтық әкімшілендірудің сапасын жақсарту қажеттігі туралы тапсырмасын орындауға арналған кеңейтілген кеңес болып өтті, деп хабарлады Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі. Кеңесте салықтық базаны ке­ңей­ту, түсімдердің қосымша резервтерін іздестіру және салық борыштарын қысқарту жөнінен атқарылған жұмыстар туралы қа­лалық салық департаментінің бас­тығы Қ.Баеділовтің баянда­ма­сы тыңдалды. Сондай-ақ адал ниетті емес жұмыс берушілердің нақты ең­бек­ақыны жасыру, еңбек­ақы­лар­ды «конверттермен» төлеу, жал­да­малы жұмысшылар санын қасақана төмендету мәселелері талқыланды. Қала әкімі әкімдік пен салық департаментінің сайтында жал­да­малы жұмысшылардың құқық­та­рын бұзған жұмыс берушілердің «қара тізімін» орналастыру ту­ра­лы салық қызметкерлерінің бас­та­масына қолдау көрсетті. Елорданың бас салықшысы­ның баяндамасында заңсыз «пә­терлер тапсыруды» анықтау про­цедурасына қатысты жаңа көз­қарастар білдірілді. Бұдан былай шетелдіктерге жалға берілетін, элиталы кешендердегі қымбат тұрғын-жайлар, сондай-ақ бірден артық пәтер иелігі меншігіне құ­қығы бар адамдар салық­шы­лар­дың айрықша назарында болмақ. Бүгінде Астанада ондаған мың пәтерлер мен жеке меншік үйлер, оның ішінде бизнес клас­тағылар да бар, арендаға берілуде, деп атап өтті кеңесте И.Тас­ма­ғамбетов. Олардың иелері пә­тер­лерді сатып алуға және құ­ры­лысын жүргізуге қаржы тапты, бірақ заңды табыстары үшін де, жер мен жылжымайтын мүлік үшін де салықтар төлемей отыр. Бұл бұрмалаулар коррупциялық қылмыс түріне жатпайды, бірақ қалаға орасан зор шығын келтіруде. Біз оларды салықтарды төлеу­ге мәжбүрлеуге тиіспіз және солай жасаймыз да, деді қала әкімі. Кеңесте қымбат бағалы жеке үй-жайлардың өкілетті органдарда тіркелмегендігі, олардың фотосуреттерін көрсете отырып, бағалау құндарының төмен­де­тіл­ген­дігі туралы шектен шыққан де­ректер келтірілді. Бұл фактілермен қала әкімінің нұсқауы бойынша құрылған арнайы комиссия айналысатын болады. Жер заңнамасын бұрмалаудың барлық фактілері бойынша әкім Астана қаласы прокурорына тиісті тапсырмалар берді. И.Тасмағамбетов атап көрсет­кендей, Астананы «дотациялы» қала категориясынан шығарып, салық салу базасын ұлғайту бү­кіл қалалық қызметтердің №1 мін­деті болмақ.