01 Маусым, 2011

Қазақстан байрағы желбіреді

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Италияда, атап айтқанда, Милан төрiнде, анығырақ айтқанда, қазақтың бұлбұл көмей әншiсi Амангелдi Сембиндей ақтаңгер­лер ән салған, дәрiс алған атақты Ла- Скала театрының қыр арқа­сын­дағы алаңда «Джиро д, Италия» көпкүндiк велошабандоздар бәйге­сi­нiң соңғы күнiнде Қазақ­стан байрағы көтерiлдi. 7 мамыр­дан берi велосипед ершiгiне қонған 200-ден астам жүйрiктiң, қатысқан 23 команданың жарыс нәтижесi шығарылды. Экс-қа­зақстандық испан Альберто Контадор күтілге­нін­дей, бас бәйгенi олжалады. Ал, «Астана» терген жемiс­терге келетiн болсақ, есеп бо­йынша «Астана» командасы бiрiн­шi орынға шықты. Байрағымыз көтерiлдi, әнұранымыз ойналды. «Астананың» жүйрiгi Паоло Тиралонго соңғы кезеңдердің бiрiнде мәреге бiрiншi келдi. Команда капитаны, көкөрiм жігіт Роман Крой­цигер жастар арасынан ең үз­дiк болып ақ жейде кидi. Жалпы, есеп бойынша 6 орынға тұрақ­тады. Қысқа қайырғанда осы. Ал үш аптаға созылған көпкүндiктiң қызықты оқиғалары мен саңлақ­тардан алған сұхбаттарды газетi­мiздiң алдағы нөмірлерінен оқи­тын боласыздар. Бахтияр ТАЙЖАН, Шымкент.