01 Маусым, 2011

Ұзындығы 32 шақырым көше қазақтың текті азаматының атымен аталады

432 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Қаланың қақпасынан басталып, тау бауырлай созылып жатқан кө­ше әлемдегі ең ұзын көше ретінде танымал. Және 2005 жылдан ұз­ын­дығы 32 шақырымнан асатын кө­ше­ге қазақтың текті перзенті, белгілі мемлекет және қоғам қай­рат­кері Дінмұхаммед Ахметұлы Қо­на­евтың атындағы көше болып өз­гертілгенін шаһарлықтар мақта­ныш­­пен айтады. Текелінің мақтанышы бұл даң­ғылдың даңқы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және басқа алыс-жақын шетелге таныс. Қаланың жұ­лын омыртқасындай болған кө­ше­де тіршіліктің тамыры солқыл­дай со­ғады. Мұнда қаланың басты мекеме, кәсіпорындары Достық, Ала­тау, Металлург және Горняцкий шағын аудандарынан құралса, Текелінің өзі осы көшенің бойында. Ұзын көше «Green House – Жасыл үй» жылыжай кешенінен басталса, одан әрі «Суффле Қа­зақстан ашытқы зауыты», «Алатау мрамор» серіктестіктері, ішкі істер бөлімі, «Гелиос» жанармай кешені, ашық бассейн, кірпіш зауыты, кенді қайта өңдеу кешені, тағысын тағы экономикасы өрлеген нысан­дар қатарымен жалғаса береді. Шаһарды абаттандырып, жа­рық­пен, газбен, жылумен қамтама­сыз ететін кәсіпорындар да осы көшеде. Қора, Шажа, Текелі өзен­дерінің Қараталға құяр тұсындағы керемет көрініс сұлулығы тым әсер­лі. Жауқазын гүл, шырша мен аққайың оның көркіне көрік қос­қан. Ал көшенің тауға кірігіп кеткен тұсында жас туристер құзға өр­мелеу жаттығуларын өткізіп, жас­тықтың жалауын алаулатады. Небір табиғатқа саяхат, жас эко­логтар шеруі адам мен табиғаттың тепе-тең­дігін сақтаудағы жылы жүздесулер­мен өтетінін де көріп жүрміз. «Ауылына қарап, азаматын та­ны» деген ғой. Д.Қонаев көшесінің байырғы тұрғыны Хамза Жүсіпов көпті көрген жан. Ол әңгімесінде халқымыздың біртуар азаматының есімімен аталатын көшеде тұрға­ным мен үшін үлкен мақтаныш. Ол қала тарихымен сабақтас бол­ғандықтан жыл өткен сайын құ­лашын кеңге жайып, құлпырып келеді. Сондық­танда баршамыз оның көркеюіне, сәу­летіне мүмкіндігін­ше үлес қо­сып келеміз. Тәуелсіз елдің даңқын асыратын әрбір құндылықтың қа­дір-қасиетін келер ұрпаққа ұғын­дыру біздің міндетіміз, деп ең ұз­ын көше текелілік­тердің ғана емес, қа­зақ елінің құнды, бетке ұстар бай­лығы екендігін айтады. Елді мекенді қақ жарған көше достықтың дәнекеріндей көп ұлт­тың ынтымағы мен бірлігіне арқау болып, кең көсіліп жатыр. Күн сай­ын ары-бері ағылған жұртшылық әлемдегі ең ұзын көшемен жүріп өтетіндіктерін біле бермейтіні де болар. Қарап тұрып, қызығасың. Ал, осы кең көсілген даңғылға хал­қы­мыздың асқан сүйіспеншілігіне бө­­ленген мемлекет қайраткерінің есі­мі берілуі тегін емес-ау деген ой келді. Күмісжан БАЙЖАН.
Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20