01 Маусым, 2011

Кәсіптік мамандықтар көкжиегі

582 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Елбасының биылғы Жолдауын­да өмір бойы білім алу әрбір қа­зақстандықтың жеке кредосына ай­налуы тиіс. Біз кәсіптік және тех­никалық білім берудің мазмұ­нын толық жаңартпақ   ниеттеміз, деп нақ­ты тапсырма қойылды. Өте ұт­ымды айтылған ой. Биыл еліміз үшін мерейлі, ырысты жыл. Өйт­кені ел Тәуелсіздігінің 20 жыл­ды­ғы  той­ланатындықтан жұлдызы­мыз жар­қы­раған, мәртебесі асқан, мемлекет ретінде алға нық қадам басқанымыз қуантады. Жақсылық қашанда – егіз. Текеліліктер қастерлі жылда қос ме­рейтойды атап өтпекші. Қаладағы №17 кәсіптік лицейдің 40 жылды­ғы да осы жылдың еншісінде. 1971 жылы ашылған училище­нің алғашқы директоры В.Ко­но­ницын болды. Сондай-ақ білім беру маз­мұны өзгеріп, 1976 жылдан оқушы­лар таңдаған мамандықта­рына қоса орта білім алуда. Иә, кешегі күнге көз жіберсек, аталған оқу орнында аспаз-кондитер, менеджер-бухгалтер, меди­цинаның кіші медбикелері, темір ұстасы-жүр­гізуші, техник-механик, ЭЕМ опе­раторы, құры­лысшы, тас қалаушы, ағаш ұс­тасы, токарь, сы­лақшы-сыр­лау­шы, сантехник маман­дық­тары бойынша 5000-нан астам жұмысшы-маман даяр­ла­ныпты. Ал­ғашқыда бұрғы­лау­шылар жер­ас­ты электровозда­ры­ның маши­нис­тері си­яқты маман­дық­­тарды оқ­ыт­са, еңбек нарығына сәйкес элек­тр­мен, газбен дәнекер­леу­ші, электр жүйелерін және электр жаб­дық­та­рын электрмон­таж­даушы, аспаз-кон­дитер, электронды есептеу ма­ши­наларының опера­то­ры, шаштараз-модельер, қо­нақ үй шаруа­шы­лығына қызмет көр­сетуді ұйым­дас­тыру мамандықтары бой­ын­ша мамандар даярлануда. Білікті, сапалы мамандарды да­яр­лау үшін ең алдымен, лицейдің  материалдық-техникалық базасын жылдан-жылға жаңарту, әр маман­дыққа сәйкес толық жабдықтау лицей әкімшілігінің басты наза­рын­да. Осыған сәйкес, әр мамандық уақыт талабына сай жабдықталған оқу шеберханасымен қамтамасыз етілуі қажет. Мәселен, газ-электр дәне­керлеу үшін виртуалды оқыту жүйе­сінің жиынтық құралымен жаб­дықталған. Автомобильдерді жөн­деу слесары мамандығы бой­ын­ша тех­никалық жөндеу орталы­ғы аш­ылды. Мұнда арнайы компьютерлендірілген геометриялық жөндеу жұ­мыс­тары жүргізіледі. Элек­трон­ды есептеу машинала­ры­ның опе­ра­торы ма­мандарын оқыту үшін лицейдің оқу ғимаратында талапқа сай 2 кабинет интерактивті тақта, мультимедиялық бейнепроектор, 32 дана тест құр­ыл­ғыла­ры­мен жаб­дық­талған. Облыс­тық бай­қауда «Ең үздік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы – 2010» лицей «Жаңашыл кәсіптік лицей» номина­циясын жеңіп алуы осын­дай жұ­мыстардың жемісі.  Кәсіптік лицейде 17 оқу кабинеті мен 5 шеберхана, 2 компьютерлендірілген кабинет, кітапхана, жа­тақ­хана, асхана бар. «Жол картасы» мемлекеттік бағ­дарламасының «Мамандарды қайта даярлау мен дайындық» ба­ғы­тының жүзеге асырылуы негізінде 2009-2010 жылдары 408 жұ­мыссыз қайта даярлаудан өтіп, жа­ңа жұмыс орын­дарымен қамтылды. Материалдық-техникалық база­ның беріктігі мен дамуының арқа­сын­да №17 кәсіптік лицейдің ин­же­нерлік-педагогикалық ұжымы бі­лік­ті мамандарды оқыту мен тәр­бие­леу­де көптеген жұмыс атқарып, соның жемісін көруде. Жастардың әлемдік стандартқа сай білім алу­ла­рына нақ­ты мүмкіндіктер беріліп отыр. Гүлнар Қоқымбаева, №17 кәсіптік лицей директоры.