01 Маусым, 2011

Елшімен кездесті

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бас Прокурор Асхат Дауылбаев АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі, елші Джон Ордвеймен кездесті, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі. Кездесу барысында тараптар екі­жақты ынтымақтастықтың жағ­дайын талқылап, өзара қарым-қаты­нас саласын кеңейтуге және одан әрі дамытуға қызығушылық танытты. Бас Прокурор арадағы ынты­мақтастықтың даму деңгейіне ри­за­шылығын білдірді және Қа­зақ­стан мен АҚШ арасында әртарап­ты және терең деңгейдегі қаты­наспен сипатталатын стратегия­лық байла­ныс орнағанын атап өтті. Асхат Дауылбаев Бас прокуратура мен АҚШ құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы жоғары деңгейге шығып отыр­ғанын атап көрсетті. Атап айт­қанда, Федералдық тергеу бюро­сымен қабылданған өзара түсініс­тік туралы меморандум жүзеге асырылып жатыр, оның аясында бірқатар бірлескен іс-шаралар және білім беру бағдарламалары өткізілді. Кездесу барысында сонымен қатар терроризммен және экстре­мизммен күрес, заңсыз жолмен табылған қаражатты айналымға салуға, терроризмді қаржылан­дыруға тосқауыл қою, құқықтық ақпаратты алмасу мәселелері қоз­ғалды. Сонымен қатар қылмыс­тық іс жүргізу заңнамасын реформалау мәселелері талқыланды.