01 Маусым, 2011

Еліміздің әлемдегі орны жоғары

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрлігі жанындағы Ғылым комитетінің Философия және саясаттану институты Алматы қаласында Қа­зақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап «Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық дәрежесінің өсуі және жаһандану жолы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

 

Конференцияға философия және саясаттану институтының директоры Ә.Нысанбаев, Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің хатшысы Б.Қасым­беков, Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мү­шесі, профессор К.Бұрханов, Сенат депутаты А.Бижанов қаты­сып, еліміздің халықаралық қаты­настар жүйесіндегі рөлі мен орнына талдау жасады. Жиында мұнан өзге Қазақстанның сыртқы саясаты, ЕҚЫҰ төрағалығындағы жетістігі, ШЫҰ саммиті, Ислам Конференциясы Ұйымы төраға­лығы және ислам әлеміне өзін бірегейлеуі, Н.Назарбаевтың Еуразия доктринасы, Қазақстан мен Орталық Азия мемлекеттерінің ХХІ ғасырдағы әлемдік тәртіп жағдайындағы орны сияқты бір­қатар маңызды мәселелер қоз­ғалды.

Еліміз өз тәуелсіздігінің 20 жылдық жолында әлеуметтік-экономикалық даму, саяси жүйені қалыптастыру секілді үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, халық­аралық сахнада жоғары беделге ие болды. ЕҚЫҰ төр­ағалығы мен аталған ұйымның саммиті, ИКҰ мен ШЫҰ-ның ынтымақ­тас­тық саммиті секілді өткізіл­ген және жоспарланған ірі шаралар еліміз­дің сыртқы саяса­ты­ның да өзіндік бағыт-бағ­дарын­да үлкен орынға ие екендігін айғақтап берді.

Қанат ЕСКЕНДІР, журналист. Алматы.