01 Маусым, 2011

Елбасы қабылдады

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Сот төрағасы Бектас Бекназаровты қа­былдады, деп хабарлады Қазақстан Респуб­ли­касы Президентінің баспасөз қызметі. Б.Бекназаров Президентке сот жүйесін одан әрі же­тілдіру жөнінде қабылданған шаралар, Жоғарғы Соттың барлық деңгейдегі соттарда ашықтықты, қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы баяндады. Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы еліміздің сот корпусында тәртіпті нығайту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.