03 Маусым, 2011

І республикалық «Мағжан көктемі» өнер фестивалінің ЕРЕЖЕЛЕРІ

656 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Солтүстік Қазақстан облысы­ның әкімдігі мен Мәдениет ми­нистрлігінің Мәдениет комитеті Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық ме­рей­тойына арнап 2011 жылғы 20-22 қазан күндері Петропавл қала­сында І республикалық «Мағ­жан көктемі» өнер фестивалін өткізеді. «Қазақтың асыл перзенті, ал­ты алаштың ардақтысы, халқы үшін, елінің болашағы үшін жар­қы­рап жанған, күнге ғана табын­ған, өзіне ғана бағынған, жүрегі мен жаны – от, иманы мен ары – от Мағжан Жұмабаев поэзия әле­міндегі сәулесі мәңгі өшпес жұл­дыз, қайталанбас құбылыс!» – деп жазды Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында. «Бүгінгі күннің бар жазушының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын Мағжанның сө­зі» (М. Әуезов) – қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында-ақ әлемдік деңгейге көтерді. Ол халқына бү­кіл өлеңімен, өмірімен жанын сала қызмет етті. Мағжанның өз ұл­тына деген махаббаты адамзатқа деген сүйіспеншілігімен жіксіз ұла­сып жатты. Мағжан Орта Азия ақындарының арасынан суыры­лып шығып, Тұран жұрты мен түркі құндылықтарын жырлады. Тұран халықтарының сонау гүн­нен басталатын тарихын шолып, осынау еуразиялық кеңістіктегі мәдени, рухани байланыстар бө­ге­сіндеріне ересен қайрат көр­сет­ті. Мағжан әлемін таныған, тере­ңіне бойлаған әр адамның жан дүниесі ерекше нұрланып, өрісі ашылары сөзсіз. Фестивальдің басты мақ­саты – ұлы ақынның шығармашылық мұрасын жүйелі түрде насихаттап, есімін ел есінде мәңгі сақтау, жас ұрпақты отан­сүйгіштікке тәрбиелеу, ха­лықтың мәдени-рухани ая­сын кеңейту және әдебиет пен өнер, музыка салала­рында озық дүниелердің келуіне мүмкіндік тудыру. Фестиваль төмендегі­дей үш номинация бой­ын­ша өткізіледі: І. Мағжанға арналған жазба ақындар мүшәйрасы. Мазмұны мен тақырыбы ұлы ақынның шы­ғармашылық-адами келбетін, ай­ны­мас ұстанымын, елдік-ерлік қа­сиетін, ұлт тағдырындағы ала­тын орнын, туып өскен жерінің шежірелі тарихын, сұлу таби­ға­тын, осы өңірде өмір сүріп жат­қан халықтың ақ пейілді достық құшағын, Қазақстан экономика­сын көтерудегі жасампаз істерін көрсететін туындылар болғаны абзал. Бұрын еш жерде жария­лан­баған, ор­ындалмаған, 14 кегльмен бас­ты­рылған, көлемі 4-5 беттік бір немесе бірнеше өлеңдерден тұра­тын топтамасы бүркеншік (псевдоним) атпен бірінші жеке конвертте жіберіледі. ІІ. Мағжан өлеңдерін мәнер­леп оқу – көркемсөз оқушылар өне­рі. Ақынның мұрасы – өлең­де­рі, поэмалары, прозалары жат­қа оқылып, аудиотаспаға, СD, DVD, немесе мини-дискіге жа­зыл­ған түрінде бүркеншік (псевдоним) атпен бірінші жеке конвертте жіберіледі. Ұзақ­ты­ғы: 7-8 минөт. ІІІ. Мағжан өлеңдеріне жазылған жаңа әндер. Музыкалық туынды­ның ұзақтығы 3-4 ми­нөт­тен аспауы керек. Ол ау­диотаспаға, СD, DVD-дис­кілерге, немесе мини-дискіге жазылған түрінде, бұған қоса екі дана клавирі (партитурасы) мен екі дана өлеңі қоса жіберіледі. Бұлар бүркеншік (псевдоним) атпен бірінші жеке конвертте жіберіледі. Бір автордың бірнеше шығар­ма­сымен қатысуға құқығы бар. Мүшәйраға қатысушылардың, мәнерлеп оқушылардың, әнші­лер­­дің шеберлігіне, мәдениетіне, дауысының сұлулық иірімдеріне әділқазылар тарапынан үлкен мән беріледі. Қатысушылардың жасы­на шек қойылмайды. Мүшәйра жыр-өлеңдері, мә­нер­леп оқушылар өнері, жаңа ән­дер 2011 жылдың 30 қыркүйегіне дейін мына мекен-жайға жіберіледі: 642027, Петропавл қаласы, Қа­зақстан Конституциясы көшесі, 58 үй, Солтүстік Қазақстан облы­сының әкімдігі. Байланыс теле­фо­ны: (87152) 46-03-32. Жеңімпаздарының гала-концерті 2011 жылы 22 қазанда өтеді. Қатысушылар төмендегі құ­жат­тарды екінші жеке конвертте қоса жібереді: – жеке және салық төлеуші куәліктерінің көшірмелері; – шығармашылық өмірбаяны; – білімі жайындағы куәліктің көшірмесі (оқушылар мен студенттер үшін анықтама); – түрлі-түсті 13х18 көлемдегі екі фотосурет; – мекен-жайы, байланыс теле­фоны, электрондық поштасы. Жеңімпаз атанған авторлар мен орындаушылардың жатын ор­нын, келіп-кету жолын (темір жол), та­ма­ғын ұйымдастырушы жақ көтереді. Қазылар алқасына респуб­ли­ка­ның белгілі мәдениет, әде­би­ет жә­не өнер қайраткерлері шақы­ры­лады. Марапаттау жүлделері Фестиваль жеңімпаздарына төмендегідей жүлделер тағайындалады: - бір бас жүлде және лауреат атағы (үш номинацияға ортақ); - бір бірінші жүлде және лауреат атағы (әр номинация бойынша); - бір екінші жүлде және лауреат атағы (әр номинация бойынша); - бір үшінші жүлде және лауреат атағы (әр номинация бойынша); - екі көтермелеу  жүлдесі    және    дипломант    атағы    (әр номинация бойынша).