04 Маусым, 2011

Әйел кәсіпкерлігінің әлеуеті зор

652 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
Адамзаттың орнықты дамуы­ның негізгі фактор­ларының бірі – гендерлік теңдікке қол жеткізу. Қа­зақстанда Конституция және бар­лық ұлттық заңнамалар өмір­дің жә­не қызметтің барлық сала­ларын­да ерлер мен әйелдердің тең құқы­ғын көздейді. Қазақстан қазіргі уақытта адам құқығы бойынша 60 халық­аралық шартқа қосылды. 2006-2016 жыл­дар­ға арналған гендерлік теңдіктің ұлттық стратегиясы бекітілді. Осы стратегияны орын­дау бойынша әйел­дердің саясатта және эконо­ми­када ілгерілеуі, әйел­дердің, ерлер­дің және жасөспірім­дердің ұрпақ әкелу қабілетін сақ­тау, әйелдерге және балаларға қа­тысты күш көрсету көріністеріне қарсы күрес, отбасы қатынас­та­рында гендерлік теңдікке қол жеткізу бойынша  40-тан астам іс-шараны қамтитын Үкіметтің орта мерзімді іс-шара­лар жос­пары іске асырылуда. Әйел-кәсіпкерлер – өзін-өзі іс­ке асыруға деген жоғары қажет­тілік­пен, шығармашылықпен беріле жұ­мыс істейтін, табиғаты­нан жаңа­шыл, либералдық құн­ды­лықты жет­кізушілер болып та­былады. Әйел­дер­дің осынау ерек­ше әлеуметтік тұрпаты кәсіпкер­лік­те ғана емес, еңбек қызметінің басқа да көптеген салаларында, сан-алуан ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпорын­дар­да талап етіледі. Соңғы отыз жылда адамзат­тың негізгі аспектілерін қайта қа­рауда – жұмыс, отбасы, жыныс мәселелері, теңдікке және әділет­тілікке ұмты­лу­да әйелдер жетекші орындарға ие болды. Әйелдер қа­зір болмысты ай­қындауға, білімді қабылдауға жә­не көшбасшы­лық­қа үйретуге ық­пал етеді. Бү­гінгі таңда әйелдер кәсіби белсенділік көрініс табатын көп­те­ген салаларды игерген. Алайда бизнес қарқыны салыстырмалы аз уа­қытта басшының ұйымды табысқа жеткізуге қабілетті немесе қабілетсіз екенін анықтап бе­реді. Ал әйелдер­дің бизнеске араласуы іскерлікті ай­ғақтайды және сенімді нығайтады, соны­сы­мен де ескірген әлеуметтік көз­қарасты  еңсеруге көмектеседі. Қазақстанда ерлер және әйел­дер үшін жұмыспен қамтудың жа­ңа мүмкіндіктерін жасай оты­рып, кәсіпкерлік сектор, оның ішін­де шағын және орта бизнес қар­қынды дамуда. Елдің өңір­лерінде шағын кәсіпорындардағы жұмыс тұрғын халықтың басым бөлігінің табыс көзінің негізіне айналуда. Ағым­да­ғы жылдың 1 мамырындағы жағ­дай бойынша елде 665 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъек­ті­лері белсенді жұмыс істейді, олар­да 2375,2 мыңнан астам адам еңбек етеді. 2011 жылғы қаңтар-сәуір­де шағын және орта кәсіп­кер­лік субъек­тілері шығарған өнім (тауар­лар және қызмет) бұған дейінгі жылдың тиісті кезеңімен салыс­тыр­ғанда 3,4%-ға өсті және 2161,0 млрд. теңгені құрады. Қазақстанда шағын және орта кә­сіпкерліктегі заңды тұлғалар өкіл­дерінің арасында 50 пайыз­дан астамы, жеке кәсіпкерлердің 66 пайызы әйелдер. Қазіргі қоғамда бүкіл әлемде үкіметтер әйел кәсіпкерлігін да­мытуға кедергі келтіретін мәсе­ле­лерді арнайы бағдарламалар ар­қылы шешуге ұмтылуда. Бү­гінде гендерлік аспектілер мем­ле­кеттің саясатында ескеріле бас­тады. Со­ны­мен бірге, билік әйел кәсіп­кер­лігінің пайдасы мен әлеует­ті мүмкіндігі туралы хабардар болуға ұмтылуда. Кәсіпкер-әйелдердің экономи­ка­лық белсенділігін қолдау мақ­сатында ел Үкіметі 2002 жыл­дан бастап әйел кәсіпкерлігін қол­дау бойынша шараларды жү­зе­ге асы­ру­да. Ондаған мың әйел­дер же­ңіл­дікті кредит алып, өз­дерінің бизнестерін ашты. 2002 жыл­дан 2008 жылға дейін рес­пуб­ликалық бюд­жеттен «Даму» КДҚ»АҚ арқылы шағын субъек­ті­лерге, оның ішінде әйелдер кә­сіпкерлігіне кредит беру бағдар­ламасы іске асырылды. Әйел кәсіпкерлігін анықтайтын негізгі өлшем басшысы әйел және еңбек ұжымының кемінде 50%-ы әйел­дер болуы керек. Өз істерін ашатын әйелдерді қолдау қажеттілігі туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін  «Даму» қоры 2009 жылдың қа­рашасында әйелдер кәсіпкерлігіне шағын кредит беру үшін қаражатты екінші дең­гей­дегі банктерге келісіп орна­ластыру бағ­дарламасын қабыл­да­ды. Бағдарла­ма­ның негізгі мақ­саты кәсіпкер әйелдердің эконо­ми­калық белсенділігін қолданыс­тағы және жаңа­дан бастайтын әйелдер кәсіп­кер­лігі субъекті­лері­нің жобала­ры­на же­ңіл­­дікпен кредит беру ар­қылы ынта­лан­дыру болып табылады. Қаражат әйелдер кәсіпкерлі­гіне микрокредит ретінде берілетін бол­ған жағдайларда қор әріп­тес банктерге ақша қаражатын  беру жолы­мен бағдарламаны жү­зеге асырады. Бағ­дар­лама жұмыс істеп тұрған және жа­ңа бизнеске арналған. Клиент қа­рызды қол­да­ныстағы кредиттерді қай­та қар­жыландыруға, ин­вес­тиция­лық мақсатқа, айналым қаражатын то­лықтыруға алуына болады. Салалар бойынша шектеулер жоқ. Тиімді ставка жылдық 14,0 пайыздан көп емес, қарыз валютасы – теңге, не­сиелеудің ең ұзақ мерзімі  – бес жыл. 2011 жылғы 1 сәуірдегі жағ­дай бойынша банк-әріптестер 1769,6 млн.теңгеге 442 жобаны қар­жы­лан­дырды. Салалық бөлі­ністе несие­лер­дің ең үлкен бөлігі сауда сала­сындағы жобаларға берілген – жо­ба­лардың қаржылан­дыруы­ның үле­сi iс жүзiнде бе­рiлген қарыздардың жалпы сома­сының 65%-ын құра­ды. Кредиттер қызмет көрсету са­ла­сында – 29%, көлiк және байла­ныс сала­сын­да – 2,2%, ауыл ша­руа­шы­лығында – 0,7%, құрылыста – 0,6%, өнеркәсiпте 1,8% құрайды Әйелдердің «Бизнес-Кеңес­ші» бағдарламасына мүдделiлігі бай­қалады. Осылайша, курстарға осы бағдарламаны iске асырудың бар­лық кезеңдерінде қатысушы­лар­дың жартысынан астамы әйел­дер болды. «Даму» қоры оқыту бағдар­ла­ма­сынан өткен  және осы бағ­дар­ла­ма шең­берінде заемдер алған кә­сіпкер-әйел­дердiң саны 2009 жыл­ғы 16%-дан 2011 жылы 20%-ға дейін ұлғайды. Таяу уақытта ШОБ бағдарла­ма­сын дамыту шеңберiнде, АБР 650 000 АҚШ долдары сома­сын­да тех­никалық көмек беретiн бо­лады, оның негізгі мақсаты әйел­дердiң ШОБ кредиттеріне қолже­тім­ділігін ұл­ғайту, сондай-ақ кәсiпкер әйел­дер дағдыларының қаржы сала­сын­дағы деңгейiн жо­ғарылату бо­лып табы­латын гендерлік іс-қимыл жос­па­рын іске асыруға көмектеседі. Жалпы, әйелдер еңбек рыно­гы­ның жаңа талаптарына икемділік танытуда. Өз отбасын қолдау үшiн әйелдер iс ашып еңбекке орналасу­дың күрделi ахуалынан шығу жолын қарастырады. Әри­не, олардың қыз­метiнiң табысты­лығы көбінесе елдегі қолайлы биз­нес-ортаға байла­ныс­ты болады. Дегенмен, қазiргi қоғамда жо­ғары жалақы төленетiн және беделді жұмыспен ерлер айналы­са­ды. Статистика, Қазақстанда ғана емес, дү­ние жүзінің басқа да ел­дерінің көп­шiлiгiнде осындай жағдайдың қа­лып­тасқанын растап отыр. Әйелдер үшін кәсіби білімге және мансапқа жол кеңі­нен ашылды, бірақ үй ша­руа­­шы­лығымен әлі де болса әйелдер ай­налысады, бұл әйелдер жүкте­месі екі есе дегенді білдіреді. Қазақстанда әйелдер әлбетте, шағын кәсіпорындарға ие. Әйел­дер басым салаларға қонақүй­лер­ді және мейрамханаларды (63%), сау­даны (59%), коммуналдық, әлеу­­меттік және жеке қыз­мет­терді (59%) және ауыл шаруа­шылығын (53%) жат­қы­зу­ға бо­лады. Әйелдердің ірі бизнеске енуі жаппай сипатқа ие бола қой­ған жоқ: оң үрдіске қарамастан, әйел кәсiпкерлiгi әлеуметтiк-эко­но­микалық факторларға байла­ныс­ты нақты қиындықтардан өтуде. Әйелдердің бизнеске жаппай келуіне экономикалық және заң кедергілері ғана емес, мәңгi екiншi рөлде болу дағдысы, ескілікті менталитет кедергі келтіреді. Шағын және орта кәсiп­кер­лiктi дамыту мақсатында республика Үкiметi нақты мемлекеттiк қолдау шараларын қабылдады. Өткен жылдары салық жүк­те­ме­сiн төме­н­дету, тексерулерге мораторий ен­гiзу, қаржыландыру жеңiлдiгін беру шаралары жүзеге асты. Әсіресе жаһандық қаржы дағдарысы кезінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау шара­лары­на ерекше көңіл бөлiндi. Үкі­меттің 2008-2010 жыл­дарға ар­налған дағдарысқа қарсы бағ­дар­ламаларын іске асыру шең­берінде шағын және орта кәсіп­кер­лікке мемлекеттік қаржылай қол­дау­ға 497 млн. теңгеден астам сома бөлінді. Бұл 10 мыңнан астам ша­ғын және орта кәсiпкерлiк субъек­тілерін қолдауға, 13 мың­нан астам жұмыс орындарын құ­ру­ға және сақтап қалуға мүм­кіндік бердi. Дағдарыстан кейінгі даму­ға қа­тысты тапсырмаларды шешу үшін 2010 жылдан бастап «Биз­нестің жол картасы-2020» бағ­дар­ла­масы iске асырылуда. Бұл қазiргi Қазақ­стан тарихындағы кәсiпкер­лiкті дамыту бойынша ең ауқымды бастама болып та­былады. Қазіргі таңда кәсіпкерлікті мем­­лекеттік қолдау шара­лары­ның мақ­саты әкімшілік кедергілерді және бизнеске жүкте­ме­лерді төмендету арқылы  негізі бизнес-ахуалды жа­қ­сарту болып табылады. Осы мақ­сат­тар үшін рұқсат беру жүйесін және мемле­кет­тiк органдардың ба­қылау-қадағалау қызметі жетiл­дiрілуде. Бизнес-ахуалды жақсарту бойын­ша Қазақстанның тәжiрибесiн көп­теген беделдi халықаралық рейтингтер бағалауда. Дүниежүзілік банктiң есебі жарияланған 2010 жыл­дың қарашасында «Doing Busi­ness-2011» рейтингiнде Қа­зақ­стан 15 позицияға көтерiліп, 59-орын алған және кәсiпкерлiк қызметі үшiн қо­лайлы жағдайлар жасауға қол жет­кiзетiн 10 елдердiң тiзiмiн бас­тай­ды. Кеден одағы жұмыс істей бас­тағаннан бері де кәсiпкерлiк үшiн үлкен мүмкiндiктер ашы­ла­ды. Кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қол­дау­ға қабылданған  шаралар, тұ­тас­тай алғанда, жалпы ШОБ да­мытуға, оның iшiнде әйел кәсiп­керлiгiне оң ықпалын тигізеді. Дина ШӘЖЕНОВА, Экономикалық даму және сауда министрлігінің жауапты хатшысы.