Қорғаныс Министрлігі 2-5 мамыр күндері «Қазақ елі» алаңында жаттығу және дайындық жұмыстарын өткізеді: 2 мамыр күні сағат 12.00-ден 14.30-ға дейін; 3 және 4 мамыр күндері сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін; 5 мамыр күні 12.00-ден 14.30-ға дейін, 7 мамыр күні 06.00-ден 15.00-ге дейін.
Көлік қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың келесі көшелерінде қозғалыс шектеледі:
-40-көшеден бастап Байырқұм көшесі бойымен Қошқарбаев көшесіндегі көпір айырығына дейін;
- Қошқарбаева көшесіндегі көпір айырығынан бастап Б.Момышұлы даңғылына дейін;
- Тәуелсіздік даңғылы Б.Майлин көшесінен Нәжімеденов көшесіне дейін (мектеп);
- Ш.Қалдаяқов көшесі МЗ көпірінен Тәуелсіздік даңғылына дейін;
-Нәжімеденов көшесі Ш.Қалдаяқов көшесінен Сарыкөл көшесіне дейінгі аралық;
- А.Байтұрсынов көшесі Қошқарбаев көшесінен Сарыкөл көшесіне дейін;
-Қошқарбаев көшесі Б.Момышұлы даңғылынан Сарыкөл көшесіне дейін;
-Б.Момышұлы даңғылы Сәтпаев көшесінен Дарабоз көшесіне дейін;
9 мамыр күні Жеңіс күніне орай сағат 09.00 мен 13.00 аралығында «Жаужүрек полк» жаяу және механикаландырылған колоннасының Тәуелсіздік даңғылымен жүріп өтуіне байланысты Қалдаяқов көшесінен Пушкин көшесіне дейінгі аралықтағы көлік қозғалысына шектеу қойылады.
«Қала тұрғындары мен қонақтарының мерекелік шараға қатысуына шектеу жоқ. Осыған орай, және жол бойындағы кептелістерді болдырмау мақсатында қозғалыстың оңтайлы бағытын алдын-ала таңдап алу маңызды»,- делінген хабарламада.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз http://www.inform.kz/kz/askeri-paradka-baylanysty-astanadagy-kolik-kozgalysyna-shekteu-koyylady_a3022772