Волонтер • Бүгін, 13:20

Волонтерлерге арналған жаңа платформалар құрылады

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда Волонтерлер форумы басталды. Салтанатты жиынды Мемлекет басшысының өзі  ашып берді. Қасым-Жомарт Тоқаев ерікті болудың ерен еңбек екенін, Отанға қызмет етудің жарқын үлгісі болатынын айтты. Сонымен қатар халықаралық ықпалдастықты арттыру маңыздылығын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

Волонтерлерге арналған жаңа платформалар құрылады

Президент мемлекетіміздің БҰҰ-ның Еріктілер бағдарламасына атсалысып келе жатқанын жеткізді. Бұл ел азаматтарына жаһандық волонтерлік құрылымдарда бірегей тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Ел еріктілері бұған алдағы уақытта да қатыса беретінін айтты.

Мемлекет басшысы бизнес өкілдерін волонтерлік қызметке қолдау көрсетуге шақырды

«Тәжірибе алмасуға және халықаралық деңгейдегі волонтерлік бастамаларды үйлестіруге арналған жаңа платформалар құру қажет деп санаймын. Қазақстан БҰҰ-мен қатар ШЫҰ, АӨСШК, ТМД секілді маңызды ұйымдар аясында еріктілер қозғалысын дамытып жатыр. Мәселен, биыл біздің бастамамызбен Қазақстанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер еріктілерінің алғашқы форумы өтеді», деді Президент.

Қазақстанда волонтерлер саны 300 мыңға жетті

Айта кетейік еліміздегі Халықаралық еріктілер жылы «Орнықты келешек үшін бірге!» ұранымен өтіп жатыр.

«БҰҰ қолдауымен Астанада биыл сәуір айында өтетін Өңірлік экологиялық саммиті аясында волонтерлер үшін арнайы сессия ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұл іс-шара экология саласындағы үздік волонтерлік жобаларды жүзеге асыруға ықпал етпек. Бұдан бөлек, Каспий теңізіндегі іс-қимыл апталығы мен Арал маңындағы табиғатты қалпына келтіру жөніндегі халықаралық волонтерлік апталық өткізу көзделген. Аталған жиындарға түрлі мемлекеттерден еріктілер шақырылады. Кең байтақ өңіріміздің қайталанбас экожүйесін сақтауға бағытталған бұл бастамаларды қолдаймын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Үкіметке еріктілер ісін дамыту бойынша жаңа құжат әзірлеуді тапсырды

Соңғы жаңалықтар