Әлем • 03 Мамыр, 2017

Димаш «Les années Bonheur» телешоуына қатысады

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропадағы танымал телешоу «Les années Bonheur» бағдарламасына Димаш Құдайберген қонақ ретінде шақырылды.

Димаш «Les années Bonheur» телешоуына қатысады

Патрик Себастьянның жетекшілігімен болатын шоуда Димаштан өзге Les Forbans, LP, Michel Fugain, Kids United, Michèle Torr, Keen'V сияқты танымал әншілер мен әртістер өнер көрсетеді. Бұл туралы Францияның «France 2» орталық телеарнасының сайты хабарлады.

«Қытайлық шоу таланты Димаш SOS d'un terrien en détresse әнін орындайды. Қуанышымызға орай, салтанатты кеште өнерпаздар өз естеліктерімен бөліседі» делінген телеарна сайтындағы ақпаратта.

Бағдарлама 6 мамыр күні, Франция уақытымен кешкі 20:55-те эфирден көрсетілмек. Кеш туралы жаңалықтарды #lesanneesbonheur хештегімен Twitter желісінен бақылай аласыздар.

Естеріңізге сала кетсек, Қытайда өткен «I Am a Singer» ән байқауында Димаш французша SOS d'un terrien en détresse әні мен ресейлік танымал әнші Витастың «Опера 2» атты туындысын орындап, алғашқы екі турда кезең жеңімпазы атанған болатын.