Қазақстан • 04 Мамыр, 2017

Астана тұрғынының ақ тілегі

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына орай Астана қаласының тұрғыны Аятбек Тоқымбековтен қолдау білдірген хат келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Астана тұрғынының ақ тілегі

Хат иесі бағдарламалық мақалаға қатысты пікірі мен әсері туралы: «Қазақ елінің тыныштығы мен бақытын қамтамасыз ететін жолдар нақты көрсетіліпті. Терең насихат, рухани тәрбие, өте құнды жоспарлар бар. Жанды бағдарлама өмірге келіпті», – деп жазады.

А.Тоқымбеков «Қазақтың тілі мен жүрегі бір бағытта болса, сенімі кемел болады. Ниеті таза болғанымен рухани тәрбиеден алыс адамның өзін де, көпшілікті де осы кемшілігі азапқа салады. Әркім өзінің ішкі дүниесін тазартпай, оның сыртқы дүниесі түгенделмейтіні анық», деп ой қорытқан.

Сонымен қатар, автор Елбасының мақаласымен танысқан соң көңілі қуаныш пен ризашылық сезіміне бөленгенін жеткізген.

Латын алфавитіне көшу жөніндегі шешімді, жалпы рухани жаңғыруды қолдаған хат иесі Мемлекет басшысы­ның қызметіне сәттілік тілеген.