Қазақстан • 04 Мамыр, 2017

Хұсайын шерткен хошықтар

124 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Хұсайынмен жетпісінші жылдары қатар оқыдық. Біз ҚазМУ-де, ол АШИ-де. Қазақшасы біздің журналистикаға жақындау. Аңқылдаған ақкөңіл, достық жүрегі көл-дария. Оқуға жаңа түскендіктен, ауылымызды айта береміз. Хұсайын Савазов осындайда дүнген екендігін көрсетті.

Хұсайын шерткен хошықтар

Дүнгендерді «жуас, момын халық» деп алады да, бабаларының ба­тыр­­лығын, тәуелсіздік жо­­лындағы мерейлі же­ңіс­терін, зар заман те­пе­ріш­терін ерекше қуатпен тол­­ғана тербейді. «Ой­пыр­май, батырларымыз да, тағдырларымыз да ұқ­сас екен-ау», деп дүн­ген тамырдың халықшылдығы мен ұлт­жандылығына риза боламыз...

Дүнген қытайдың «лаохуэй» сөзінен аударғанда, «мұ­сыл­­ман­дар» деген ұғымды бере­ді екен. Осының өзі шағын ұлт­тың дінге, ділге беріктігін ай­ғақ­­тайды. Антропологиялық жа­ғы­­нан моңғолтектілердің қиыр­шы­ғыстық нәсіліне жатады. Үш эт­но­­графиялық топқа бөлінетін олар қытай тіліне жақын әралуан диа­лектіде сөйлейді. Бұған дәлел ретінде 2001 жылы шығарылған «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кітабындағы «Қытайда 8 ми­ллион дүнген тұрады» дегенді ай­туға болады. Жетісудағы дүн­­ген­дер − Қазақстанға 1866-1877 жыл­дар аралығында қоныс ау­дар­ғандардың ұрпағы.

Хұсайын жолдамамен Көк­шетауға келген. Жұмысына мы­ғым жігіт орман технигінен са­ла­лық басшы деңгейіне дейін кө­те­рілді. Ақмола облысындағы рес­пуб­ликалық орман шаруашылығы жо­балау-зерттеу институты фи­ли­алының директоры қыз­ме­тін атқарған ол бүгінгі күні «Көк­шетау» мемлекеттік ұлттық та­би­ғат паркін басқарады.

−Мен Алматы облысының Шелек ауданында дүниеге келдім. Үй-ішімізбен қазақ мектебінде оқыдық. Қарындасым екеуміз ме­далиспіз. Мұны Қазақ елінің қа­м­­-

қорлығына балаймын. Ота­ныма мәң­гі қарыздармын. Осы парыз біз­дің әулетіміздің басты құн­ды-

л­ы­ғы және үнемі алға бастайтын қу­ат қайнары деп білемін. Жалпы, дүн­гендер туысқандық қарым-қа­тынастарға мығым, жинақы тұ­рады. Өте еңбекқор. Марқұм әкем Хәкім мен анам Софиа қара­пай­ым еңбек адамдары. Әпкем Ха­диша Қазақ ұлттық техникалық уни­вер­ситетінде қазақ және француз тілдерінен сабақ береді. Інім Ха­сан құқық қорғау органында қыз­мет істесе, қарындасым Лада − дә­рігер. Анамыз ауылдас­тарын қи­май, алақандай жерінің жемісін те­ріп отыр. Бізге әлі күнге көлдей кө­ңілін, көкөнісін жолдап тұрады, – дейді менің дардай досым дауысы дірілдеп.

– Студенттік шақта сенің Шелегіңе барып те­мекі жинап едік. Ор­ман­шы болып кет­ке­нің қа­лай? – деймін әңгіме ауа­нын өзгертуге тыры­сып.

– Қазақта «Ормандай қалың елім...» деген сөз бар. Оны білесің. Бірақ оның  аз халықтарға қан­шалықты әсері барын біле бер­мей­сің. Институттың орман фа­культетіне жетелеген сол дана­лық деп ойлаймын. Оның үс­тіне, орман ұғымы біздің әулет­тің тағдырын айқындайтын сияқ­ты. Зайыбым Шынар Алматы­дағы ауыл шаруашылығы инсти­ту­тының орман факультетін бітір­ген. Қазір облыстық орман жә­не аңшылық шаруашылығы ау­мақ­тық басқармасында бас ма­ман. Үлкен қызым Гүлнар Көк­ше­таудағы «Бұқпа» орман ша­руа­шылығында есепші-эко­но­­мист, Динарам «Қалаларды кө­гал­­дан­ды­ру, саябақтар құру» гранты­мен Түркияда оқып жүрсе, ұлым Исхар (қазақша Асқар дей­міз) Ақкөл ауданында орман өртінен қор­ғау жөніндегі топ бас­ты­ғы. Күйеу балам Руслан орман ша­руа­шы­лы­­ғының инженер-жобалаушысы. Оның атасы Хамза Күн­шуақ­ұлы Целиноград өл­ке­лік орман шаруашылығы басқармасының бас­тығы болған танымал азамат еді. Немерем Мерейдің де тал-шы­бық­­қа құмарлығын байқаймын. Мұ­­қағали ағамыз «Сен адам бо­ла бас­тасаң, мен қайың бола бас­тай­ын», деп ағаштың жүрегін дір­іл­дет­пеуші ме еді? Қандай мағынада айтылса да, адамзатты ойлантатыны анық.

Досыңның жүрегін тербетіп айт­қан сөздеріне жүрегің жарыла жаздай­ды екен. Хұсайын өзі­­нің көңіл хошындағы хо­шы­ғын (өлең) айтып тұрғ­ан­дай тол­ғанасың. Кешегі қа­тар­да­ғы дүнген баласының рес­пуб­ли­калық деңгейдегі ма­ңыз­ды ме­кемені басқарып, мем­ле­кет­тік ұс­танымдарды бекемдеп жат­қаны, шат-думанды отба­сын тербетіп отыр­ғанының өзі бү­кіл қазақ­стан­дық­тарды мәр­те­бе­лен­ді­ре түседі.

Бақберген АМАЛБЕК, 

журналист

Ақмола облысы

Соңғы жаңалықтар