Театр • 04 Мамыр, 2017

Дертке дауа іздеген драма

204 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бикен Римова атындағы Алматы облыстық қазақ драма театрының ұжымы кезекті гастрольдік сапарға аттанды. Сапар барысында ауылды елді мекендерде 17 сәуір мен 5 мамыр аралығында діни экстремизмнің алдын алу, халық арасында дәстүрлі дінімізді насихаттау мақсатында жақында ғана тұсаукесері болған А.Ихсанның «Дертке дауа – Хақ жолы» атты әлеуметтік драмасы көрермен назарына ұсынылады.

Дертке дауа іздеген драма

Соңғы кездері елімізде дәс­түр­лі сенім-нанымдарымыз бен салтымызға сіңген діни көз­қарастарға үйлеспейтін әр­түрлі пікірлер мен ұс­та­нымдар бой көрсете бастады. Бұл өз кезегінде ұлттық құн­ды­лықтарымызға да ке­рі әсерін тигізетіні белгілі. Аталмыш қой­ы­лымда бүгінде бүкіл әлем үшін өзекті болып тұрған осы сын­ды мәселелер кеңінен қау­залған. Автор шығармада бір-біріне мүлде қарама-қайшы екі көзқарас арасындағы тар­тыс­ты басты назарға ала оты­рып, қарапайым қазақ отба­сындағы оқиға арқылы жас­тар­дың дәстүрлі емес діни ағым­дар­дың жетегінде кетуі мен тұр­мысымызға дендеп еніп, қо­ғамдық дертке айналып келе жат­қандығын өткір сынға алған. Астанадан арнайы шақыртумен келген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Б.Ұзақов осынау жүгі ауыр дү­ние­ні өте сәтті, сауатты сахна­лап, кө­рер­менге ой салар ма­з­­мұ­ны терең шығарма қойды.

Былтыр ғана Ақтөбе мен Алматыда орын алған оқиғалар мен кейінгі он жыл төңірегінде елімізде болған террактілерге қа­тысушылардың дені отызға жетпеген жастар екенін алға тар­татын болсақ, қазіргі күн тәр­тібіндегі басты мәселе – ді­ни сауаттылық пен рухани-интеллектуалды ұрпақ тәр­бие­­леу екендігі айқындалады. Осы ретте Алматы облысы әкім­дігінің қолдауымен, мә­де­ниет және дін істері бас­қа­р-

­­маларының қостауымен 31 наурызда «Дертке дауа – Хақ жолы»  қойылымының премьерасы болған еді. Дәл осы қой­ылыммен Жетісу өңірінің шал­ғайдағы аудан-ауылдарын аралаған ұжымның да бас­ты мақсаты халық арасында дәс­түрлі дініміз бен ата жолымыз­ды насихаттап, жастардың ту­ра жолдан адаспауына өз үлес­терін қосу.

Театр директоры Ғ.Темер­ба­ева бізбен әңгімесін былайша түй­індеді:

– Соңғы кездері экстреми­с­­­­-

тер бейбітсүйгіштікке, ұс­­­­­­та­м­­дылыққа баули­тын жә­не өзге діни көз­қа­рас­тар­ға тү­­сіністікпен қ­а­рау­ға тәрб­ие­­­­лейтін ислам ді­нін у­­шық­ты­­руға, бас­қа өр­ке­ни­ет­тер­мен қақ­­­ты­ғыс­ты­руға тал­пы­­ну­да, осы арқылы тек ді­на­­ралық та­ту­­лықты емес, соны­мен қатар мұ­­сылмандар арасында да іріткі са­луда. Соған қарамастан біз, аға буын өкілдері жастары­мыз­ға дәстүрлі дініміздің маңыз­ды­­лығын айта беруіміз қа­жет. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің би­ыл­­­ғы

«Қазақстанның Үшінші жаң­­­ғы­руы: жаһандық бәсекеге қа­білеттілік» атты Жолдауында ел­дің дәстүрлері мен мәдени нор­маларына сәйкес келетін ді­ни сана қалыптастыруымыз керек деп атай отырып, XXI ға­сырдағы Қазақстандағы ді­ни ахуалға ерекше көңіл бөл­ді. Шын­дығында, дін зайыр­лы қо­ға­мымыздың ажырамас бөлігі, сондықтан құзырлы мем­ле­кеттік мекемелер еліміз­де­гі діни сауаттылықты одан әрі дамытуға әрқашан да мүдделілік танытады деп ойлаймын. Сол себепті сахна өнері арқылы халықты рухани байытып, тура жолдан адаспау-

ларына үлес қосу да біздің тікелей міндетіміз деп білемін.


Моншақ БЕКАЙДАРОВА,

театртанушы



Соңғы жаңалықтар