Бизнес • 04 Мамыр, 2017

Қазақстанда жасалған тауарлар арзандай бастады

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2017 жылдың сәуірінде отандық киімдер, темекі және текстиль өнімдерінің бағасы наурыздағы көрсеткішпен салыстырғанда 2,2 пайызға арзандады. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.

Қазақстанда жасалған тауарлар арзандай бастады

Өндірістік тауарлар бағасы бір айда 2,5 пайызға, өндірістік сипаттағы қызметтер құны 1 пайызға төмендеген. Сонымен қатар, аралық тұтыну өнімдері (өнім шығаруға қажетті құрылғылар) 3 пайызға, тұтынушы тауарлары 0,2 пайызға арзандады.  Ал шикізат керісінше 1,6 пайызға қымбаттаған.

Тау-кен өндірісі (4%), табиғи газ (4,9%), метал рудасы (1,2%) және көмір өндірісінде (1,1%) де бағаның төмендеуі байқалды.

Өңдеу кәсіпорындарында баға орта есеппен 0,3 пайызға, азық-түлік өнімдері 0,5 пайызға, киім-кешек 9,5 пайызға, темекі өнімдері 3,7 пайызға арзандаған. Ал сусындар бағасы керісінше 2,1 пайызға, мұнай өнімдері — 1,3 пайызға қымбаттады.

Соңғы жаңалықтар