Парламент • 05 Мамыр, 2017

Омбудсмен есебі ұсынылды

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2016 жылғы қызметі туралы ресми есебі ұсынылды, деп хабарлады Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі.

Омбудсмен есебі ұсынылды

Іс-шараға Парламент Сенаты мен Мәжі­лісі­нің депутаттары, Президент Әкім­шілі­гінің, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның және басқа да мемлекеттік органдарының өкілдері, сондай-ақ дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың, ғылыми және азаматтық қоғамның өкілдері қатысты.

Таныстырылым барысында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров азаматтардың шағымдары мен өтініштерін, мониторинг қыз­метінің нәтижелерін талдау негізінде құрас­тырылған, Қазақстандағы адам құқықтары мен бостандықтарын іске асырудың барысы қамтылған шолу ұсынды. Жалпы, 2016 жылы Омбудсменнің қарауына азаматтар құқығының бұзылғаны және қысым жасалғаны бойынша 1304 жазбаша және ауызша арыз-шағым келіп түсіпті.

Іс-шараға қатысушылар еліміздің Негізгі Заңында Омбудсмен мәртебесін нығайту аясында ұлттық құқық қорғау мекемесін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударды. Сондай-ақ, Омбудсмен адам құқықтарын қорғау жүйесі бойынша мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен өзара байланыстарға басымдық берілетінін атап өтті.

Таныстырылым барысында құқық қорғау жөніндегі мәселелерге орай бірқатар бағыттар бойынша пікір алмасу болды. Кездесу қорытын­дысында қатысушылар 2016 жылы Қазақстан адам құқықтарын іске асыру үшін қолданыстағы тетіктердің тұрақты дамуын қамтамасыз ете алды деген пікірлерін білдірді.



Соңғы жаңалықтар