Аталған үшжақты құжаттың қабылдану мәселесіне арналған баспасөз-брифингі барысында Қазақстанның Венадағы Халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Сарыбай Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылы Семей сынақ полигонын жабу туралы қабылдаған тарихи шешімі басқа елдердегі сынақ полигондарындағы ядролық сынақтардың тоқтатылуына оң әсер етіп, 1996 жылы ЯСЖТШ-ны қабылдауға негіз салғанына ерекше назар аударды.
Қ.Сарыбай Елбасының «Әлем. XXI ғасыр» атты манифесінің, сондай-ақ, Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдардың халықаралық күні мен «АТОМ» жобасының маңызы мен өзектілігіне ерекше назар
аударды.
Қазақстан мен Жапония сыртқы саясат ведомстволарының басшылары мен ЯСЖТШ Дайындық комиссиясы Атқарушы хатшысының бірлескен мәлімдемесінде ядролық қарусыз әлем құру үшін құжатқа барлық елдер қол қойып, ЯСЖТШ-ның жедел күшіне енуі керектігі атап көрсетілді. Қазақстан мен Жапонияның ядролық қарудың апатты салдарын жою бойынша тәжірибесіне сүйене отырып, тараптар жоғарыда аталған күш-жігерлерді жаңғыртуға және жандандыруға шақырды.
«Егемен-ақпарат»