Медицина • 05 Мамыр, 2017

Білім сапасы күн тәртібінен түспеуі тиіс

220 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Білім – баға жетпес үлкен рухани күш, сонымен қатар аса зор өндіргіш құрал. Сол себепті де бүкіләлемдік жаңа идеология ең әуелі білімнің теңдессіз күшіне арқа сүйейді. Сондықтан да жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан білімге үлкен басымдық беріп отыр.

Білім сапасы  күн тәртібінен түспеуі тиіс

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев «Қазақстанның Үшін­ші жаңғыруы: жаһандық бә­секеге қа­білеттілік» атты Жол­дау­ында: «Төр­тінші басымдық – ада­ми капи­тал сапасын жақ­сар­ту. Ең алдымен, білім бе­ру жүйесінің рөлі өз­геруге ти­іс. Біздің міндетіміз – білім бе­ру­ді экономикалық өсу­дің жа­ңа моделінің орталық бу­ынына айналдыру. Оқыту бағ­дарламаларын сыни ойлау қа­білетін және өз бетімен іздену дағ­дыларын дамытуға бағыттау қа­жет», деп атап өткен болатын. 

Осыған байланысты эконо­ми­каны, соған сәйкес Білім жә­­не ғылым министрлігінің мін­деттерін жаңғырту жолында білім беру жүй­есінің рөлін қайта бір ой еле­гі­нен өткізудің маңызы ерекше. Біз бұл мақаламызда білім саласында жеткен же­тіс­­тік­терімізді емес, қорд­алан­ған өзекті мәселелерге тоқ­та­лу мақсатын қойдық. Олар­дың бі­разын тізбектеп кетсек: жо­ға­ры оқу орындарында про­фес­­сорлық-оқытушылар құ­­­ра­мы тұрақталмаған; білім бе­­ру бағ­дарламаларының маз­мұ­­ны на­рық талаптарына сай  қам­тылмаған; үш тілді бі­лім бе­ру бағдарламалары толық­қан­­ды енгізілмеген; жоғары оқу орын­дарының ғылыми әлеу­еті тиі­м­сіз пайдаланылады, уни­вер­си­тет­тік ғылыми көр­сетк­іш­тер өте тө­мен; профильдік докторан­ту­р­ада кадрларды дайындауға грант бөлінбейді; постдоктора­н­ту­­­ра жоқ; мемлекеттік тапсы­рыс бойынша білім алған тү­лек­тер­ді жұмысқа орналас­тыру мә­селесі шешілмеген; инно­ва­ция­лық құрылымды қолдаудың инс­ти­туттық нысандары толық да­мы­маған; өркениетті  елдермен салыстырсақ, біздің  ғылыми зерт­т­еулер үлесіміз он есе төмен; қар­жыландырылатын ғылыми-зерт­теулік жобалардың 0,1% ға­на коммерцияландырады; инно­ва­циялық парктер, старт-ап ай­мақ­тар және конструкторлық бю­ролар инфрақұрылымдары да­мы­маған; жатақханаларда сту­денттерге орын жетіспейді; уни­вер­­ситеттік ғылымды бизнес құ­лық­сыз қаржыландырады, өн­дір­іс­пен тиімсіз жұмыс жүр­гі­зі­леді; ведомствоаралық ке­дер­гі­лер, сон­дай-ақ жеке секторда эко­но­ми­­калық ынталандыру ша­ра­­ла­ры­ның болмағандығынан бі­лім, ғылым және өнеркәсіп салала­ры тиімді біріге алмай жатыр...

Білім беру сапасының кри­те­рийі оқу орындары түлектерінің білімін аттестаттау емес, олардың ең­бек нарығындағы кәсіптік қа­жет­тілігі болуы шарт. Сонда ға­на білім беру саласындағы өкі­летті органның рөлі білім бе­ру суб­ъ­ектілерінің қызметін ба­қы­лау­мен ғана шектелмей, осы ба­ғыттағы бірлескен күш-қ­и­мыл­дар­ды үйлестіруді, оларға қолдау көр­сету және озық үлгілі идеялар мен технологияларды дайындап шы­ғаруды қамтитын болады.

Барлық жоғары оқу орын­дарының дербестігі мен теңдігін заң­дық тұрғыда бекіткен жөн. Шет елдердің тәжірибесі білім бе­рудің сапасы сандық емес, ғы­лыми-зерттеу жұмыстарын ұйым­дас­тыру, оқыту, ресурстармен қам­­тамасыз ету, оқытушылар құ­­­­ра­­мының кәсіптік құзыреті жә­не халықаралық қызметті ұй­ым­дастыру деңгейлеріне, сондай-ақ, аккредиттеуден өтуі және басқа осы сияқты сапалық факторларға ті­келей байланысты екендігін көр­­сетеді. Егер жоғары оқу орын­да­­рын лицензиялау жайында сөз етер болсақ, бұл ретте оқу орын­дарында мамандықтардың қай­та­лануы және кадрларды ЖОО-ның өз профильдеріне сай емес ма­мандық бойынша даярлауына назар аударғым келеді. ЖОО-ның арасындағы бәсекелестіктің де қалыпты емес екенін айта кеткен жөн. Жоғары оқу орында-

р­ын мамандықтар бойынша емес, да­ярлау бағыттары бойынша ли­цензиялауға көшетін кез кел­ді. Бұл әлемдік тәжірибеде бар: жо­ға­ры оқу орындары білім бе­ру бағ­дарламаларын еңбек на­ры­ғы­ның сұраныстарын ескере отырып, даярлықтың бағыттарының ішін­де, өз беттерінше әзірлеп шы­ғарады.

Мұндай жағдайда жоғары оқу орындары қоғам алдында кадр­лар даярлаудың сапасы үшін әлеу­­меттік жауаптылықта бо­ла­ды. Жұмыс берушілердің ті­ке­лей қатысуымен нақтылы кадр­лар даярлау жүзеге асыры­ла­ды. Бұл жоғары оқу орында­ры сту­­де­нттерінің білім беру бағ­­дар­ла­малары бойынша конт­ин­гентін олар­дың бәсе­ке­лестігі жә­не еңбек на­рығ­ының сұранысы не­гізінде құ­рап шығаруға алып келеді.

Білім сапасы тек кәсіп­орын­дармен тығыз байланыс ор­на­тыл­ған және қоғам алдында жауап­ты болған жағдайда ға­на қам­та­масыз етіледі. ЖОО қыз­ме­ті­­нің ти­імділігі, ең алдымен, оның қар­­жылық тұрақтылығына не­гіз­деледі. ЖОО-ның тұрақты қар­жы­л­ық жағдайы ғана оның сапалы ака­демиялық, зерттеу және басқа да бағыттарын қамтамасыз ете ала­ды. Бұл жерде ЖОО қызметін эко­номикалық реттеу тетіктерін ен­г­ізу мәселесін қарастырудың ма­ңызы ерекше деп білемін. Атап айт­қанда, ЖОО-ның жеке меншік (жа­р­ғылық) капиталына талапты кү­шейту және айыппұл санкцияла­рын енгізу қажет.

Қазақстанда PhD докторы дә­ре­жесін Білім және ғылым саласын бақылау жөніндегі комитет бе­реді. Бұл ЖОО ғалымдарына се­німнің жоқтығын білдіреді. Со­ған қарамастан ғалымдардың ба­сым бөлігі жоғары оқу орында­рын­да шоғырланғаны белгілі. ЖОО ғылымына қолдау жасау ке­рек және ғылыми дәрежелер бе­ру мәселесін ЖОО құзырына бер­ген жөн.

Профессор-оқытушылар құ­­ра­мының беделін көтеру мақ­са­тын­да жоғары және жоғары оқу ор­нынан кейінгі білім бе­ру ұй­ым­дарының ғылыми-пе­да­го­ги­ка­лық қызметшілеріне қой­ылатын бі­лік­тілік талаптарына өзгерістер ен­гізуді ұсынамыз. 

Ғалымдардың нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық ғы­­лыми журналдарда жариялауға ти­іс ғылыми еңбектеріне қой­ы­ла­­тын талаптарды да қайта қа­рау ке­рек, өйткені барлығы бір­дей жа­рияланымдардың санын тол­ты­руға ұмтылады, ал сапасы жақ­са­р­та түсуді қажет етеді.

Отандық ғалымдар ең­бек­те­рінің қазақстандық ғылыми мет­ри­калық базасын құру қажеттігі пі­­сіп-жетілді. Бізге отандық ға­лымдар еңбектерінің беделін ш­ет­елдік ғылыми метрикалық мә­ліметтеріне қарамастан көтеру ке­рек.

Біз министрліктің білім беру грант­тарының санын тек жоғары бі­лімге ғана емес, сондай-ақ жо­ғары оқу орнынан кейінгі білім бе­руге де көбейту жөніндегі бас­там­асын қолдаймыз. Сонымен қа­тар, ол қазақстандық жастардың ше­т­ елдерге кетуі проблемасын ше­шу­дің бір жолы болып табылады. 

Жоғары оқу орындарына тү­судің шекті деңгейін сақтауға бай­­­ланысты жас түлектердің қо­­мақ­ты бөлігінің шет елдерге ке­тіп қа­луы орын алып отыр, шет елде қазақстандықтарға мұндай та­­лаптар қойылмайды. Біздің аза­­маттардың бұл жағдайда жұ­м­­сайт­ын қаржысы шаш-етек­тен. Бұл жер­де де мәселеге мем­ле­кеттік тұр­­ғыдан қарамау кө­рініс бе­реді.

Пе­дагог мамандардың ең­бегіне ақы төлеу өте өзекті мә­селелердің бірі болып қалып отыр. Еліміздегі білім саласы қы­з­меткерлерінің орташа еңбекақы­сы Қазақстан бойынша орта­ша еңбекақының 62 пайызын құ­рай­ды. Ал педагогтер арасында ба­рын­ша аз алатындар – мектепке дей­інгі білім педагогтері – 41%. Жо­ға­ры оқу орындарының орташа ең­бек­ақысы жөнінде айтар болсақ, Эко­номикалық ынтымақтастық жә­не даму ұйымына кіретін ел­д­ер­дегіден әлдеқайда төмен. Мы­сал­ға, Латвияда оқытушылар ша­ма­мен 1112 АҚШ доллары мөл­шерінде еңбекақы алады, бұл дегеніңіз, біздегіден 3 еседей артық. Қазақстан білім беру жүйе­сінің жағдайы және оны одан әрі дамыту жөніндегі Ұлттық бая­нда­мада аталып өткен­дей, пе­да­го­гтер­дің біліктілік дең­гей­ін жә­не ең­бе­кақысын көтеру үшін олар­дың қызметтік өсуінің жаңа жү­йе­сін қалыптастыру қажет.

Педагогикалық қоғамдастық ұсы­нып отырғандай, мұғалімдерге 25-30 жыл еңбек сіңірген қыз­мет өті­лін қайтару және зей­нет­ке­рлікке мерзімінен бұрын шы­ғу мүм­кіндігі туралы мәселені қа­­рас­тыру қажет. Педагог үшін 63 жас­та зейнеткерлікке шығу – пе­да­­гогикалық кәсіп бойынша өте азап­ты, ауыр жол. Кез келген пси­холог бұл кезеңде кәсіптік «то­қырау» өріс алатынын айтады. Өзі­ңіз алаңда балаларды қуалап, олар­мен түрлі қимыл-қозғалысқа тү­сетін ойындар ойнап жүрген 63 жастағы балалар бақшасының тәр­биешісін көзіңізге елестетіп кө­рі­ңізші.

Тағы бір маңызды мәселе, мектеп мұғалімдерінің дені әйелдер бо­лып отырғандығы. Қазіргі таңда елі­міздің білім беру мекемелерінде еңбек ететін қызметкерлердің, нақтырақ айтсақ, ұстаздардың 80-85 пайызы әйелдер. Мектеп директорлары мен олардың орынба­сар­лары қызметінде де әйел мұ­ға­лімдердің қарасы қалыңдап ке­леді. Тіпті, денешынықтыру, әс­кери тәрбие пәндерінен де қыз-ке­ліншектер сабақ беретініне еті­міз үйреніп қалды. Міне, осы үр­діс енді жоғары оқу орындары­на да ауыса бастаған сияқты. Себеп бел­гілі – еңбекақы аз, ынталанды­ру мардымсыз. Әлбетте, балалар үшін әке қандай қажет болса, ер мұғалімдердің де сондай ма­ңызы бар. Жастарымыздың бой­ын­да еркекке тән өжеттік, мәр­т­тік, батылдық рухы әлсіреп бара жат­­қаны туралы пікірлер жиі ай­тылады. Осыған орай білім бе­ру жүйесінде еңбек ететін ер-аза­мат­тардың үлес салмағын кө­бейтуге қатысты іс-шаралар ке­ше­нін жасап, жүзеге асыруға да мем­­­лекеттік маңыз беретін уақыт жет­­кен сыңайлы. 

Қорыта келгенде, экономиканы жаңғырту жолындағы білім беру жүйесінің рөлі барынша арта, маңыздана түскені көзге ұрып тұр. Бұл ретте, кадрлар даярлаудың сапасына, сондай-ақ салалық ми­ни­с­трліктер, ұлттық компаниялар жә­не бизнес өкілдері де жауап бе­ретінін есте ұстауымыз керек. Мы­салға, «Болашақ» стипендиясын беру рәсіміне айқындық б­еру үшін үміткерлерді іріктеу жө­нін­дегі комиссияның құрамына ірі ұлт­тық компаниялардың, холди­нг,

кәсіпорындардың өкілдерін ен­г­ізу керек. Өйткені, нақ солар әлеу­е­тті жұмыс берушілер болып та­былады.

Бүгінде ел игілігі үшін тер тө­гіп жүрген «Болашақ» түлектері көп. Дегенмен, солардың барлығы дер­лік мемлекет тарапынан жа­сал­ған қамқорлықты, артылған се­німді ақтады ма? Меніңше, жоқ. Мәселен, мемлекет қаржысы есеб­інен шетелдерде оқып, елге қай­тпай қалғандар да жетіп-арты­лады. Алдағы уақытта бұл бі­ре­гей жобаны да ұдайы назар­да ұс­тап, «Болашақ» үшін жұм­сал­ған қаржы-қаражатты еселеп қай­тарып алудың тетіктерін жан-жақ­ты ойластырған жөн.

«Ертеңін ойламаған ел азады», дей­ді халық даналығы. Барын ба­ғалап, жоғын саралап отыратын, өскелең ұрпағына талапқа сай байыпты білім, қалыпты тәрбие бере білетін ел озады. Сол тұрғыда қазақстандық жоғары білім жүйесі де бәсекелестікке қабілетті болуы шарт. Өйткені, бәсекеге қабілетті білім бәрін жеңеді.

 

Нұрлан ДУЛАТБЕКОВ,

Парламент Мәжілісінің депутаты, ҰҒА корреспондент-мүшесі,

заң ғылымдарының докторы, профессор

 

 

Соңғы жаңалықтар