Мазмұны терең, ауқымы кең бұл мақала – ұлт руханиятын ХХІ ғасырдың биігіне көтеретін бағдарлама іспеттес. Ұлы Даланы мекендеген халықтың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін дүниежүзілік қоғамдастыққа паш ету – бүгінгі ұрпақтың ізгілікті міндеті.
Шара барысында шағын бейнеролик көрсетілді. Кітапхана қызметкері Гүлшарат Бопилова Елбасы мақаласындағы ұлттық сана, бәсекелестік қабілет, білім, ұлттық бірегейлікті сақтау және таяу жылдардағы міндеттер жөнінде әңгімеледі. Сонымен қатар, Елбасымыздың айтқандай, «Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы...» маңыздылығы арта түспек деген түйіндерінің барлығына тоқталып, оны жүзеге асыру баршамыздың міндетіміз екендігін кітапхана оқырмандарына баяндады. Жастар түрлі сауалдар қойып, өз ойларын ортаға салды.
«Азаматтық бақылау» жобасының үйлестірушісі –Көшкінбай Ахметов шараға қатысып, жастарға мақаладағы бірінші кезекте ұлттық идеология мен ұлттық сананы қалыптастыру, әдет-ғұрып, мәдени дәстүрлерді мықты сақтап, оны жаңа жетістіктермен, адами құндылықтармен байытуға, дамытуға барлығымыз бірдей атсалысуымыз керек деген пікірін жастармен бөлісті. Сонымен қатар, кітапхана директорының орынбасары Ұржан Кудасова онда мәдениет саласы, адамның дамуы, саналы азамат қалыптастырудың барлығы да осы мәдениет арқылы келеді деген мақаладағы қозғауларды қолдайтындығын айтып өтті.
Ұлттық рух биік болса, еліміздің болашағы жарқын, іргесі берік. Ендеше, рухани санамызға серпіліс берген стратегиялық құжат еліміздің ұлт ретінде жаңғыруына жаңа серпін берері сөзсіз.
Бақтыгүл БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ,
С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының бөлім меңгерушісі
Ақтөбе