Аймақтар • 05 Мамыр, 2017

Мемлекеттік тілде тәрбиелейді

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Былтырғы жылдың соңында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов керекулік зиялы қауым өкілдерімен кездескенде: «Бар­лық балабақшаларда балалар ұлтына қарамастан, таза қазақ тілінде тәрбиеленуі керек», – деп ұсы­нысын білдіргені есімізде. Бұл жайт биыл әкімнің халық алдында есеп беру жиынында да тілге тиек етілді.

Мемлекеттік тілде тәрбиелейді

Қуанарлық жайт, бұл тақырып сөз күйінде қалмай, аймақта қазір тың бас­тамалар қолға алынуда. Атап айтқанда, биылғы маусым айында Екібастұздың  балабақшаларында қанатқақты жоба − өзге ұлт өкілдерінің балалары үшін қазақтілді топтар ашылғалы отыр.
− Бұл жобаны жүзеге асыру үшін барлық балабақшаларда балалардың тез бейімделуіне қажетті жағдай жасалған. Топтар балаларды тілдік ортаға тез бейім­дейтін заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталды, топтарда жоғары білікті мамандар жұмыс істейді, − дейді Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің басшысы Нұржамал Макумова. 
Айта кетерлігі, Екібастұзда өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілінде тәрбие беру үрдісі бұрыннан бар. Осы күні өзге ұлттың 110 баласы мемлекеттік тілдегі балабақшаларда тәрбиеленіп жүр. 

Жанаргүл ҚАДЫРОВА

Павлодар облысы

Соңғы жаңалықтар

Алтын көпір

Руханият • Бүгін, 08:45

«Әдемі» нөмірге әуестік

Қоғам • Бүгін, 08:25

Актерлікке бастаған сәт

Өнер • Бүгін, 08:22

Есірткі қылмысын еңсеретін жоспар

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:15