Аймақтар • 05 Мамыр, 2017

Ақыл мен ажар бәсекесі

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалалық мәдениет сарайында Шығыс Қазақстан облыстық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен және «Қазақстан жастарын қолдау» облыстық жастар қоғамдық бірлестігі, «Intellect» білім беру орталықтарының қолдауымен «Семей аруы-2017» байқауы ұйымдастырылды.

Ақыл мен ажар бәсекесі

Биыл оныншы жыл қатарынан өткізіліп отырған байқауға қаламыздағы 8 оқу орнынан 10 бойжет­кен қатысты. Сайыс бес кезең­нен тұрды. Үш сағат­қа созылған сынақта қыз­дар театрландырылған кө­рі­ністер көрсетіп, ән айтып, би де биледі. Байқау бары­сында арулардың қа­зақ қызына тән нәзіктік, инабаттылық мінездерімен қатар, Алаш ордасының 100 жылдық мерейтойын халық арасында насихаттау үшін қыздардың тарихты, әдебиетті қаншалықты білетіндігі де сынға алынды. 
Сайыс қорытындысы бойынша, бас жүлдені Құқық және бизнес кол­леджінен Самал Басы­қа­раева жеңіп алды. Бірінші орынға Семей қаржы эко­номика колледжінен Шах­ризада Серікова, екін­ші орынға Семей медици­на университетінен Бо­та­гөз Қылышбекова, үшін­ші орынға Шәкәрім уни­верситетінен Әсем Ас­ха­товалар шықты. Бар­лық же­ңімпаздар мен жүл­дегерлер бағалы сый­лық­тар­мен және дипломдармен марапатталды.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА

Семей

Соңғы жаңалықтар