Бокс • 05 Мамыр, 2017

Азамат Исақұлов өзбек боксшысынан жеңіліп қалды (Видео)

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ташкентте Азия чемпионатының жартылай финалдық кездесулері өтіп жатыр

Азамат Исақұлов өзбек боксшысынан жеңіліп қалды (Видео)

52 келіге дейін өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Азамат Исақұлов Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына өте алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жартылай финалда ол өзбек боксшысы Жасур Латиповпен жұдырықтасты. 

Осылайша Азия чемпионатындағы Қазақстан мен Өзбекстан боксшыларының текетіресі 2:1 болып тұр. Бұл турнирдің жартылай финалына Өзбекстанның тоғыз, ал Қазақстанның сегіз былғары қолғап шеберлері шыққан болатын. 

Еске салайық, бүгін рингке әлі жеті боксшымыз шығады. Оның екі жекпе-жегі Өзбекстан боксшыларымен болады.

 

 

Соңғы жаңалықтар