Бокс • 05 Мамыр, 2017

Қайрат Ералиев те жарыс жолынан шығып қалды (Видео)

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жекте 56 килода сынға түскен жерлесіміз Қайрат Ералиев жеңіліске ұшырады.

Қайрат Ералиев те жарыс жолынан шығып қалды (Видео)

«Ер кезегі үшке дейін» демекші, 56 килода сынға түскен ең тәжірибелі боксшыларымыздың бірі Қайрат Ерәлиев осымен Азия чемпионатына үшінші рет қатысты. Сол кездегі үндіс қарсыласы оң жамбасына келмеді ме, әйтеуір алғашқы сары құрлық чемпионатында бағы жанбады. Екіншісінде қола медальды қанағат тұтуға мәжбүр болды.

Енді міне, үшінші мүмкіндікті де мүлт жіберіп отыр. Оның жолын бұл жолы қытайлық Жиа Вей Чжан кесті. Есеп – 3:2. Енді Қытай боксшысы финалда ринг иесі, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Муроджон Ахмадалиевпен сынға түседі.

Алмас МАНАП,

«Егемен Қазақстан» –

Ташкенттен

Соңғы жаңалықтар

Қауқарлы құс фабрикасы

Экономика • Бүгін, 09:05

Талап пен тәжірибе

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:55

Қазақ тойының төлқұжаты

Руханият • Бүгін, 08:53

Бір тәулікте – 8,3 миллион дана

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:45

Тәлімгер тәлімі

Қоғам • Бүгін, 08:38

Табыл Құлыяс қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ең үлкен кітап дүкені

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:23

Сыр сүлейлерінің сарқыты

Руханият • Бүгін, 08:18