Кездесу барысында екі елдің сауда-экономикалық, қаржы, инвестициялық және өзге де даму салаларындағы ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелері, сондай-ақ, ҚР Президенті Н. Назарбаевтың БАӘ-ге 2017 жылғы 15-16 қаңтардағы ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарын іске асырудың алдын ала қорытындылары талқыланды.
Қазіргі таңда Қазақстанда Дубайдың халықаралық қаржы орталығымен, Абу-Дабидің «Mubadala» мемлекеттік инвестициялық-девелоперлік компаниясымен, Ядролық энергетика жөніндегі ұлттық корпорациясымен және өзге де ірі компанияларымен бірлескен жобалар белсенді түрде іске асырылуда.