08 Маусым, 2011

Мүдделер тоғысқан тұстар көп

470 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республи­ка­сының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов елімізде өтіп жатқан 7-ші Бүкіләлемдік Ис­лам экономикалық форумы­на келген Джибути Респуб­ли­касының Сыртқы істер министрі Махмуд Али Юсуфпен және Бразилия Федеративтік Рес­публикасы Сыртқы байла­ныс­тар министрінің орынба­с­ары Мария Эдилеуза Фонтонелло Реиспен екіжақты кездесулер өткізді. Алдымен Африкадан келген әріптесі Махмуд Юсуфпен кездескен Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының басшысы әңгіме барысында еліміз тәуелсіздігінің 20 жылдығында және Қазақстан­ның ИКҰ СІМ кеңесіндегі төр­ағалығы қарсаңында «Исламдық Давостың» өтуінің өзектілігіне тоқталып, оған қатынасушы­лар­дың қатарына қарап, Қазақ­стан­мен экономикалық ынтымақ­тас­тықты дамытуға деген ықы­лас­тың қаншалықты жоғары екенін аңдауға болатынына тоқталды. Кездесу барысында Ержан Қа­зыханов пен Махмуд Юсуф Қа­зақстан мен Джибути арасында тиімді байланыстар және ислам әлемі қауымдастығының толық­қан­ды іскер мүшелері ретінде өз­ара тиімді ынтымақтастық орна­туға қызығушылықтарын білдірді. Тараптар ықпалдастықты да­мы­туда, атап айтқанда, ауыл­ша­руашылық және көлік-тасымал салалары бойынша қарым-қатынастарды жолға қоюдың маңыздылығына мән берді. Қазақстанға Джибути Президенті Исмаил Омар Гелле баста­ған делега­цияның сапары екі жақты бай­ла­ныс­тардың кеңеюіне қажетті серпіліс беретіні анық, деп атап өтті министр­лер және екі ел бір-бірінің эконо­ми­ка­лық әлеуетін бағалау мақ­сатында іскер топтармен ал­ма­сып, өзара сапарлар өткізуінің қа­жет­тігін атады. Сондай-ақ, сыртқы саясат ве­домство­ларының басшылары қа­зір­гі таңдағы халықаралық және аймақтық өзекті мәсе­лелер бо­йын­ша пікір алмасты. Таяу Шы­ғыс пен Солтүстік Африкадағы жағдайларға тоқ­тала отырып, Е.Қазыханов Қа­зақстан ИКҰ төр­ағасы ретінде араб елдеріне олар­дың халық­аралық және аймақтық қауіп­сіздікті тұрақ­тандыру мен ны­ғайту жолында қолұшын беретінін атап өтті. Африкалық әріптесімен кездесуден кейін Қазақстан сыртқы сая­сат ведомствосының басшысы Бразилия Федеративтік Республи­касы Сыртқы байланыстар ми­нистрінің орынбасары Мария Эдилеуза Фонтонелло Реиспен кездесті. Оның барысында әңгі­ме­лесуші тараптар Астана мен Бра­зилиа арасында жо­ғары дең­гей­де қол жеткізілген келі­сім­дер­дің жүзеге асу барысын талқыға салды. Қазақстан мен Бразилия ара­сы­н­дағы тауар айналымының елеулі қарқыны барлығына тоқ­тал­ған дипломаттар Сауда-эко­но­ми­калық ын­­тымақтастық жөніндегі үкімет­ара­лық комитеттің құры­луы екі елдің кәсіпкерлеріне қа­жетті іскерлік мүм­кіндіктер жө­нін­дегі ақпарат алып тұ­руына ай­тар­лықтай ықпал жасайтынын айтып өтті. Ынтымақтастықтың болаша­ғы зор бағыттарына тоқталған қазақстандық министр брази­лия­лық капиталдың Қазақстан эко­номикасының шикізаттық емес секторында белсенді ара­ласуына қызығушылығын білдіріп, ауыл­шаруашылық, авиациялық құры­лыс және космос салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастық бо­лашағы зор екенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, Е.Қазыханов Қа­зақ­стан мен Бразилия әлемдегі түрлі этностар мен конфессиялар арасындағы тең дәрежелі қа­рым-қатынасты сақтап отырған аз елдің қатарына кіретінін атай отырып, Өркениеттер альянсы­ның және Әлемдік және дәстүр­лі діндер көшбасшылары съез­дерінің ортақ мақсаттарына қол жеткізуге барынша күш салы­натынын айтты. Кездесуде еліміздің ИКҰ СІМ Ке­ңесінің төрағасы ретінде Бра­зи­лияның ИКҰ-ға бақылау­шы мәр­тебесін алуға ұсынған өтінішін қол­дауға дайын екендігі де мәлім етілді. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ.