09 Маусым, 2011

Ислам Даму банкінің қолдауы

527 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Бүкіләлемдік Ислам экономикалық форумы ая­сын­да Қазақстанның Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев пен Ислам Даму бан­кінің (ИДБ) төрағасы Ахмад Мо­хаммед Әли өзара түсіністік ту­ралы меморандумға қол қойды. Осы құжатқа сәйкес биылғы жылы ИДБ стратегиялық әріп­тес­тіктің құжаттарын толық дайын­даған соң, 2011-2012 жылдары Қа­зақстан экономикасына 1,2 мил­лиард доллар көлеміндегі қар­жы ба­ғытталады. Бұл қаражат ең алдымен ауылшаруашылық са­ласы мен көлік инфрақұрылы­мын әрі қарай дамытуға бағыт­талады. Мемлекет басшысы форумда сөйлеген сөзінде азық-түлік қо­рын құру туралы ұсыныс айтқан болатын. Әсет Исекешевтің ай­ту­ынша, бұл ұсынысқа Ислам Кон­ференциясы Ұйымына мүше мем­лекеттердің барлығының келісімі болуы қажет. «Ең алдымен аталған ұсынысқа қатысты Ұй­ым­ға қатысушы елдер арасында ке­ліссөздер жүргізіледі. Шара­лар­дың барлығы консенсустық жағдайда қабылданады», – деді осы туралы ИДБ төрағасы. *  *  * Кеше Бүкіләлемдік Ислам экономикалық форумының ая­сын­да «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» акцио­нерлік қоғамы мен Ислам даму банкі арасында ауыл ша­руа­шылығын шағын несиелеу бағ­дарламасына қатысуға несие және техникалық көмек гран­ты туралы келісімге қол қойылды. Аталған құжатты Ислам даму банкінің төрағасы Ахмад Мохам­мед Әли мырза мен «Ауыл ша­руа­шылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ басқармасының төр­айы­мы Гүлназ Атамқұлова рәсімдеді. Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтің хабардар етуінше, ИДБ-ның 10 мил­лион долларды құрайтын қар­жысы ауыл шаруашылығын ша­ғын несиелендіруге бағытталады. Оның комис­сиялық сыйақысы 2 пайыздан аспайды. *  *  * Бүкіләлемдік Ислам эко­но­ми­­ка­лық форумы барысын­да­ғы брифингте белгілі болға­нын­дай, елімізде исламдық қар­жы­ландыру қағидаттары бойынша жұмыс істейтін инвестициялық қор құрылады. «Фаттаһ финанси» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Зарат­қазы Нұрпейісовтің айтуынша, бұл қорда қарапайым адамдар­дың қажылық сапарға баруға қа­жетті қаржы жинақталады. Со­ны­мен қатар, ондағы қаражат қасиетті қа­лаларда қажылыққа ба­ратын қазақ­стандықтар жайға­сатын қонақ үйлер салуға да жұм­салады. Осы­лайша біздің адамдар малайзиялық Қажылық қор сервисімен тең бо­латын қонақ үйлерде тұрады. «Егемен-ақпарат».