09 Маусым, 2011

Композиторлар бас қосты

652 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында ел Тә­уелсіздігінің 20-жылдығына арнап Қазақстан композиторлар ода­­­ғы өткізген «Көк байрағым, желбіре» фестиваліне тыңдарман қау­ым мол жиналды. Симфониялық концерт бағдарламасын ұйым ақ­сақалдары Е.Рахмадиев, Д.Ботбаев, М.Хұсайынұлы, Б.Жұма­ния­зов, М.Маңғытаев, Н.Новиков, Тен Чу, К.Дүйсекеев, Ж.Тұр­сын­баев шығармалары құрады. Сон­дай-ақ «Мәдениет қайраткері» белгісін ал­ған одақтың аймақтық мүше­ле­рінің қуанышында шек болмады. Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің концерттік бағ­дар­ламасына бүгінгі компози­тор­лардың орта буын өкілдерінің шығармалары енді. Жұртшылық орындалған дүниенің сапасы мен кәсіби шеберлігіне тәнті болды. Республиканың түкпір-түкпі­рінен келген композиторлар мен музыка зерттеушілер Қазақстан Композиторлар одағының XII съе­­зінің жұмысына қатысты. Съез қазақ классикалық музыкасының стратегиялық бағыттарын белгілеп, алдағы жоспарды талқы­ла­ды. Қазақстан Композиторлар ода­­ғының төрайымы болып композитор Балнұр Қыдырбек қайта сай­ланды. «Егемен-ақпарат».
Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20