10 Маусым, 2011

«Тарих. Естелік. Халық»

510 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасындағы «Мицва» еврей ұлттық ұйымы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетімен бірлесіп Мемлекеттік орталық мұражайдың қолдауымен V халықаралық ғылыми-тарихи конференция өткізген-ді. Сол конференция құжаттары негізінде жарық көрген «Тарих. Естелік. Халық» атты кітаптың тұсауы Алматы қаласында кесілді. Кітапта Ұлы Отан соғысы жылдары күштеп жер ау­да­рылған еврей ұлты өкілдерінің қилы тағдыры ғана емес, сол кезеңде басқа өңірлерде мәжбүрлеп тұрғы­зыл­ған өн­діріс нысандары, орталықтың саясатын насихаттау үшін салынған мәдени ошақтар, қуғын-сүргінге ұшы­раған жергілікті халықтың өмірі мен тартқан зардабы жайлы тың деректер молынан қамтылған. Сондай-ақ Президент мұрағатынан алынған деректерге сүйене отырып, 1941 жылы қазақ аспанында болған аса ірі әуе апатының себебі мен салдарын, бүгінгі азаматтық авиацияның ахуа­лын көтерген көлемді еңбек те осы жинақта. Кітап «1940 жыл­дарғы күштеп жер аудару ісінің тарихы» және «Қа­зақстан еврейлерінің тарихы» атты екі бөлімнен тұрады. Тұсаукесерде «Мицва» ассоциациясының төрағасы А.Барон, демограф-ғалым М.Тәтімов, мұражай ісінің ма­маны Б.Нәсенов секілді бірқатар азаматтар халық­аралық кон­фе­рен­цияның көтерген тақырыптары мен келтірген дерек­те­рінің құндылығына баға берісіп, саяси қуғын-сүр­гінге ұшыраған тағдырлас ұлттардың бүгінгі Қазақ­стан мемлекетіндегі жайма-шуақ тіршілігін тілге тиек етісті. Қанат ЕСКЕНДІР. Алматы.