15 Маусым, 2011

Мұражай ашылуға жақын

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Әр өңірдің өзіндік тарихы бар. Нұра ауданының да өткені мен бү­гінінен шертер сыры жеткілікті. Бұ­дан былай қарай өлке шежіресіне толық қанығуға мүмкіндік туғалы тұр. Киевка кентінде бұл күнде құ­ры­лысы қызу жүргізіліп жатқан мұ­ра­жай ғимараты соған жол ашпақ. Онда қойылар құ­жаттар мен жәді­гер­лер аймақтың арғы ғасыр­лары­нан бастап қазіргі кезеңіне дейінгі ты­ныс-тіршілігін алға тартатын болады. Мұражай – ауданның тәуел­сіз­дік­тің 20 жылдығына арналған  тар­ту­ларының бірі. Облыстағы ең кө­рік­ті ау­дан орталығының сәнін одан са­йын сәулеттендіре түсер нысан  болмақ. Айқын НЕСІПБАЙ, Қарағанды облысы.