Тәуелсіздік және Астана – тел ұғым. Еліміз еркіндік алып, тәуелсіздік толқынында тәй-тәй басқан сонау бір өліара кезеңде Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев уақыт тамыршысындай болашағымыздың баянды баламасын тап басып, Қазақстанның жаңа елордасы – Астана қаласын салу жөніндегі ғасырлық жобасын қолға алған болатын. Сондықтан ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейлі мерекесі тойланатын айтулы күнге Астана қаласы да толайым тартулармен, салтанатын жарастыратын жаңа сәулет өнерінің туындыларымен келмек.
Тәуелсіздік мерекесінің 20 жылдығы қарсаңында Астанада бой көтеретін тамаша сәулет туындысының бірі – «Изумрудный квартал» әкімшілік кешені болмақ. Орталық Азия өңіріндегі қалаларда теңдесі жоқ ең биік ғимараттардан тұратын бұл кешен Қазақстан және Солтүстік Америка архитекторларының бірлескен қолтаңбасы болып табылады. Бұл әкімшілік кешен 54, 43 және 27 қабаттардан тұратын 3 биік ғимараттан құралған. Оның ішіндегі ең зәулім ғимараттың жерден биіктігі 210 метрге жетеді. Сәулет өнерінің озық туындысы болатын бұл зәулім ғимараттың бір ерекшелігі, оның 32-ші қабатынан бастап ауқымы кеңейе беріп, әрбір қабаттың көлемі төменгі қабаттан ауқымдырақ болып, ғимараттың ең жоғарғы қабаттары төменгі қабаттардан 15 метр ауқымға дейін кең жайылатын болады.
Сонымен бірге кешеннің астыңғы қабаттарында 2000 көлікке арналған паркингтер болады. Зәулім ғимараттың ең жоғарғы қабатында бірнеше дәмханалар мен мейрамхана жұмыс істеп, өз тұтынушыларының құс ұшатын биіктіктен қала көркін тамашалауына мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстары қызу қарқынмен жүргізіліп жатқан бұл келісті кешен, Астана қаласындағы сәулет өнерінің тағы бір тамаша туындысы ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі қарсаңында пайдалануға берілмек.

ҰБТ кезінде 470-тен астам ереже бұзушылық анықталды
Қоғам • Бүгін, 22:16
Қызылордада аттракционда жарақат алған 18 жастағы жігіттің аяғына ампутация жасалды
Қоғам • Бүгін, 21:57
Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі қарсыластарын анықтады
Спорт • Бүгін, 21:42
Қарақұрт қаптады: Маңғыстауда 18 адам дәрігер көмегіне жүгінген
Қоғам • Бүгін, 21:09
Трамп Ормуз бұғазының ашылғанын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 20:56
Қалада тұрса да, ауылын ұмытпаған кәсіпкер
Қоғам • Бүгін, 20:19
Әлем Кубогының алғашқы күнінде 5 боксшымыз жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 19:29
Үкімет цифрлық теңгені кең ауқымда енгізу жоспарын бекітті
Экономика • Бүгін, 19:10
Елордада есірткіге қарсы күрес жаңа форматта насихатталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:54
GGG-дің жаңа белесі: Тоқаев тарихи жетістікпен құттықтады
Спорт • Бүгін, 18:12
Қазақстан IT алпауыттармен 10 миллиард долларлық келісімдер пакетіне қол қойды
Үкімет • Бүгін, 18:09
ҰБТ-да ереже бұзған 176 түлектің нәтижелері жойылды
Білім • Бүгін, 17:58
Жапония Гренландиядағы сирек кездесетін металдарды игеруі мүмкін
Әлем • Бүгін, 17:52
«Қайраттың» бұрынғы бапкері Владимир Гулямхайдаров қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 17:43