15 Маусым, 2011

Саммит аясындағы кездесулер

304 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов елімізге ШЫҰ-ның мерейтойлық саммитіне БҰҰ делегациясының басшысы ретінде келген БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Вена бөлімшесінің бас директоры, БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының атқарушы директоры Юрий Федотовпен кездесті. Қазақстандық СІМ басшысы әңгімелесуші тарапты жақында БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының атқа­ру­шы директоры және БҰҰ Вена бөлімшесінің бас директоры лауа­зымдарына тағайындалуымен құт­тықтай отырып, екіжақты ынты­мақтастықтың тиімділігін артты­рып, белсенділігін көтеруге үлес қосатынына сенім білдірді. Е.Қазыханов атап өткендей, БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жө­ніндегі басқармасы жетек­ші­сі­нің сапары аймақтық қауіпсіздік­тің маңызды форумына айналған Шанхай ынтымақтастық ұйымы­ның 10 жылдық мерейтойына тұспа-тұс келіп отыр. Отандық сыртқы саясат ме­ке­месінің басшысы айтып өт­кен­дей, Қазақстанның ШЫҰ-ға төр­ағалығы кезеңінде   ШЫҰ-ның БҰҰ-мен байланыстары айтар­лық­тай жақсарды. ШЫҰ-ның Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы мен Есірткі және түрлі психотроптық заттардың заңсыз айналымымен күрес бойынша Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіруші орталық арасында өзара түсі­ніс­тік туралы хаттамаға қол қойыл­ды. БҰҰ-ның Есірткі және қыл­мыс жөніндегі басқармасымен және Есірткі бақылауының ха­лық­аралық комитетімен байла­ныс­тар қайта жанданды. Кездесу барысында Е.Қазы­ха­нов сұхбаттасын алдағы 28-30 маусым күндері Астанада «Бейбітшілік, ынтымақтастық және да­му» ұранымен өтетін ИКҰ СІМК 38-отырысының күн тәрті­бімен таныстырып, ИКҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері Ұйымның қалыптасуы мен дамуы үшін тарихи маңызы бар шешімдер қабылдайды деп күтіліп отырғанын жеткізді. Сол күні Қазақстанның Сырт­қы істер министрі Е.Қазыханов ТМД Атқарушы комитетінің төр­ағасы – ТМД-нің Атқарушы хат­шысы Сергей Лебедевпен кездесіп, әңгіме барысында оны алда­ғы ШЫҰ Саммитінің күн тәртібімен таныстырды. ТМД шеңберіндегі әрекеттес­тік жайлы айтып өткен Е.Қа­зыханов Қазақстан Достастық шеңберіндегі интеграциялық үде­рістердің алдағы дамуын қол­дайтынын атап көрсетті. Осыған байланысты қазақстандық министр ТМД-ның «Бір жыл – бір тақырып» атты жұмыс қағидаты тиімді болып шыққандығын көл­денең тартты. Бұл қағидат Президент Н.Назарбаевтың Достастық елдерінің басым көпшілігінің мүд­делеріне қатысты негізгі мә­се­лелердің біреуі бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін ұсынған бастамасы болатын. Е.Қазыханов үстіміздегі жыл ТМД-дағы азық-түлік қауіпсіздігін арттыру жылы болып жариялан­ғанын айтты. Кездесу барысында тараптар ТМД-ның алдағы уақыттағы даму тұжырымдамасын және ТМД экономикалық дамуының 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиясын жүзеге асыру мәсе­лелерін талқылады. Достастықтың алдағы 20 жыл­дығына байланысты ТМД-ның мерейтойлық саммитін дай­ын­дау мәселелері қозғалды, деп хабарлады Қазақстан Республи­касы Сыртқы істер министр­лігінің баспасөз қызметі.