15 Маусым, 2011

Атқарушы директормен әңгіме

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ ЕҚБ атқарушы директоры Юрий Федотовпен кездесті. «Нашақорлықпен  күрес – ұлт­тың амандығы. БҰҰ Бас хат­шысының орынбасары, БҰҰ Есірткі және қылмыс жө­ніндегі Басқармасының ат­қару­шы директоры Ю.Федотовпен кездескенде осы мәселе сөз болды», – деп жазған К.Мәсімов Twitter-дегі жеке парақшасында. Осында атап көрсетілгендей, «Заңсыз есірткі» корпорациясы - бұл ІЖӨ бойынша әлемнің 30-шы экономикасы болып табы­лады.