15 Маусым, 2011

Құттықтау жеделхатын жолдады

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Рес­пуб­­ли­ка­сы­ның Пре­мьер-министрі Реджеп Тайып Эрдо­ған­ның атына Әді­леттілік және даму партиясының парламенттік сайлаудағы жеңі­сі­не байланысты құттықтау же­делхатын жолдады,  деп хабарлады Қазақстан Республикасы Прези­денті­нің баспасөз қызметі. Нұрсұлтан Назарбаев түрік халқы таңдауын жасаған сайлау Әділеттілік және даму пар­тиясына білдірілген сенім мен оның мемлекеттің дамуы­на қосқан көрнекті үлесін мойындаудың дәлелі екенін атап өткен. «Біздің елдеріміздің билеуші партиялары арасындағы байланыс Қазақстан мен Түр­кияның стратегиялық әріп­тес­тігін нығайтуға үлкен ықпа­лын тигізеді», делінген жеделхатта. Қазақстан Президенті Түр­кия Премьер-министріне зор денсаулық пен табыс, ал түрік халқына игілік пен гүлдену тілеген.