16 Маусым, 2011

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы

365 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

2011 жылғы 15 маусым   №48/81 Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының

2011 жылғы 19 тамызға тағайындалған сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конс­ти­туциялық заңының 12-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Рес­пуб­ликасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депу­таттарының 2011 жылғы 19 тамызға тағайындалған сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары (бұдан әрі – Күнтізбелік жоспар) бекітілсін. 2. Күнтізбелік жоспар Астана және Алматы қалалық, облыстық сайлау ко­миссияларына сайлауды өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін. 3. Күнтізбелік жоспар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын. Төраға  Қ.ТҰРҒАНҚҰЛОВ. Хатшы  Б.МЕЛДЕШОВ. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 15 маусымдағы № 48/81 қаулысымен бекітілген   2011 жылғы 19 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары   1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кан­ди­даттарды ұсыну. Астана және Алматы қалалық, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар мен азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен. Сайлау тағайындалғаннан кейін келесі күні – 2011 жылғы 16 мау­сымда басталады және сайлау өт­кі­зі­летін күнге бір ай қалғанда – 2011 жылғы 19 шілдеде аяқталады. (71-б. 1, 2-т.т.) 2. Бұқаралық ақпарат құралдарында Астана және Алматы қалалық, об­лыс­тық сайлау комиссияларының құрамын жариялау. Астана және Алматы қалалық, облыстық сайлау комиссиялары. Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен – 2011 жылғы 25 мау­сымнан кешіктірмей. (13-б. 4-т.) 3. Таңдаушылардың тізімдерін жасау. Астана және Алматы қалалық, облыстық сайлау комиссиялары тиісті Астана және Алматы қалалық, облыстық мәслихаттар хатшылары­ның ұсынуы бойынша. (24-б. 9-т., 25-б. 2, 3-т.т.) 4. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат ретінде ұсыну жөніндегі шешімді кандидаттың өзіне, сондай-ақ шешімді, кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен қоса, Астана және Алматы қалалық, облыстық сайлау комиссияларына жеткізу. Астана және Алматы қалалық, об­лыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар. (71-б. 4-т.) 5. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кан­дидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау. Астана және Алматы қалалық, облыстық сайлау комиссиялары. Үш күн ішінде. (4-б., 70-б., 71-б. 3, 6-т.т.) 6. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кан­дидаттың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және тиісті куәліктер беру. Астана және Алматы қалалық, об­лыс­тық сайлау комиссиялары. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республи­ка­сының Конституциясы мен «Қа­зақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігі ан­ықталған күннен бастап сайлау науқаны аяқталғанға дейін. (14-б. 5) т-ша, 31-б.) 7. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кан­дидаттарға таңдаушылардың қолын жи­нау үшін қол қою парақтарын дай­ындау және беру. Астана және Алматы қалалық, облыстық сайлау комиссиялары. Кандидаттың Қазақстан Респуб­ликасының Конституциясында жә­не «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық за­ңында қойылатын талаптарға сәй­кестігін тексеру аяқталған күн­нен бастап үш күндік мерзім ішінде. (71-б. 6-т.) 8. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кан­дидатты қолдап жиналған қолдардың растығын тексеру және тиісті хат­та­ма­ны ресімдеу. Астана және Алматы қалалық, облыстық сайлау комиссиялары. Астана және Алматы қалалық, об­лыстық сайлау комиссияларына оларды тапсырғаннан кейін бес күн­дік мерзім ішінде. (72-б. 6-т.) 9. Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2011 жылғы маусымның бiрiне Қазақстан Республикасының уә­кiлетті мемлекеттік органы белгiлеген тәртіппен және нысанда табысы және мүлкі туралы декларациялар ұсыну. Кандидат пен оның жұбайы (за­йы­бы). Кандидат тiркелгенге дейін. (73-б. 2-т.) 10. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәлiметтердiң растығын тексеру. Салық қызметі органдары. Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішiнде. (73-б. 2-т.) 11. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кан­дидаттарды тіркеу және әрқайсысына тиісті куәлік беру. Астана және Алматы қалалық, об­лыстық сайлау комиссиялары. Барлық қажетті құжаттар алын­ған­нан кейін басталады және сайлау кү­ні­не кемінде жиырма күн қалғанда – 2011 жылғы 29 шілдеде аяқталады. (14-б. 5) т-ша, 73-б.) 12. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кан­ди­даттарды тіркеу туралы хабарды бұ­­қа­ралық ақпарат құралдарында жариялау. Астана және Алматы қалалық, облыстық сайлау комиссиялары. Кандидатты тіркегеннен кейін жетінші күннен кешіктірмей. (14-б. 5) т-ша, 73-б. 6-т. 2) т-ша) 13. Кандидаттардың сайлау қор­ла­рын тiркеу. Кандидат Астана және Алматы қалалық, облыстық сайлау комис­сия­ларына өтініш жасаған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде (Орт­сайлаукомның 2010 жылғы 19 тамыздағы № 7/8 қаулысы). (34-б. 2-т.) 14. Кандидаттардың сайлау қорла­ры­ның арнаулы уақытша шоттарын ашу. Астана және Алматы қалалық, облыстық сайлау комиссиялары. Кандидат тіркелгеннен кейін. (34-б. 6-т.) 15. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу. Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (2011 жыл­ғы 30 шілдеде басталады және 17 тамызда сағат 24-те аяқталады) (27-б. 2-т.) 16. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі таңдаушылардың тізімдерін жергілікті бұқаралық ақпарат құрал­да­рында жариялау арқылы таныстыруға ұсыну. Астана және Алматы қалалық, облыстық сайлау комиссиялары. Сайлауға дейін кемінде жеті күн қалғанда – 2011 жылғы 11 тамыз­дан кешіктірмей. (26-б. 2-т.) 17. Дауыс беруге арналған пунктті ашу. Астана және Алматы қалалық, облыстық сайлау комиссиялары. Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын. (40-б. 2, 4-т.т.) 18. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөнінде дауыс беруді өткізу. Сенат де­путаттарын сайлау жөніндегі дауыстар­ды санау және дауыс беру нәтижелерін жариялау. Астана және Алматы қалалық, облыстық сайлау комиссиялары. Бір күннің ішінде. (38-б. 4-т., 41-б. 1-5,9 т.т., 42-б., 43-б. 2, 4, 5, 7, 7-1, 9-т.т., 77-б., 78-б.) 19. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі таңдаушылардың бірлескен отырысының хаттамасын жасау және оны тиісінше Астана және Алматы қалалық, облыстық сайлау комиссия­сына тапсыру. Тиісті мәслихат хатшысы. (77-б. 7-т.) 20. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі дауыстарды санау нәтиже­ле­рі туралы хаттаманы жасау және Орт­сай­лаукомға ұсыну. Астана және Алматы қалалық, облыстық сайлау комиссиялары. Сайлау өткізілген күннен бастап екі күндік мерзімнен асырмай – 2011 жылғы 20 тамыздан кешіктірмей. (14-б. 5) т-ша, 78-б.) 21. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау­дың қорытындыларын анықтау. Қазақстан Республикасы Орта­лық сайлау комиссиясы. Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күндік мерзімнен – 2011 жыл­ғы 25 тамыздан кешіктірмей. (12-б. 10) т-ша, 44-б. 1-т., 81-б.) 22. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сай­лау­дың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. Қазақстан Республикасы Орта­лық сайлау комиссиясы. Сайлау өткізілген күннен бастап он күннен – 2011 жылғы 28 та­мыз­дан кешіктірмей. (12-б. 10) т-ша, 44-б. 4, 5-т.т.) 23. Кандидаттардың сайлау қорла­ры­на келiп түскен ақшаның жалпы со­ма­сы және оның көздері туралы ақпа­ратты бұқаралық ақпарат құралда­рын­да жариялау. Астана және Алматы қалалық, облыстық сайлау комиссиялары. Сайлау қорытындылары жария­лан­ғаннан кейiн он күн ішінде – 2011 жылғы 7 қыркүйектен кешіктірмей. (34-б. 4-т.) 24. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының сайланған депу­тат­тарын тіркеу, тиісті куәлiк пен бел­гi­ленген үлгiдегi омырауға тағатын белгi тапсыру. Орталық сайлау комиссиясы. (45-б., 46-б. 2-т., 82-б.) Ескертпе: күнтізбелік жоспардың мә­ті­нінде «Қазақстан Республика­сын­дағы сайлау туралы» Қазақстан Рес­публикасы Конс­титуциялық заңы­ның нормаларына сілтемелер берілді.