16 Маусым, 2011

Елшімен екі жақты әңгіме

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше «Нұр Отан» халықтық-де­мо­кратиялық партиясының Ор­та­лық аппа­ратында партия Төр­ағасының бірінші орынбасары Нұр­лан Нығ­ма­ту­линнің Латвия Республикасының Қа­зақстан Рес­публикасындағы Төтенше және өкі­летті елшісі Юрис Маклаковспен кездесуі болып өтті. Кездесу барысында Астанада өт­кі­зіліп отырған Шанхай ын­ты­мақ­тас­тық ұйымының оныншы Саммитінің, онда талқыланған мәселелердің және қол жеткізілген келісімдердің ма­ңыз­ды­лы­ғы атап өтілді. Сонымен қатар, ШЫҰ-ға мүше елдердің жан-жақты ынты­мақ­тастығын дамыту мен ны­ғай­туға Қа­зақстанның жә­не оның басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұл­тан Назарбаевтың қос­қан үле­сі­не де айрықша назар ау­да­рылды. Нұр­­лан Нығматулин ШЫҰ-ның ме­рей­тойлық Саммитінің күн тәр­тібінде тұрған тақырыптардың бірі – ай­мақ­тық қауіпсіздік мәсе­лесін шешудегі Мем­лекетіміз бас­шысы Нұр­сұлтан На­­зарбаевтың ерекше рөлін атап өтті. Юрис Маклаковс Қазақ­стан­ның жал­пыәлемдік қауіпсіздікті нығайту са­­ласындағы саясатын жоғары бағалады. «Нұр Отан» партиясы Төр­аға­сы­ның бірінші орынбасары Нұр­лан Нығ­матулин партия қызметі жайлы, партия алдында оның Төр­ағасы, Қа­зақстан Пре­зиденті Нұрсұлтан Назар­баевтың қой­ған міндеттері жайлы баяндап берді. Кездесу барысында сондай-ақ ын­тымақтастықтың болашақ ба­ғыт­тары сөз болып, екіжақты қа­рым-қа­ты­нас­тардың одан әрі да­муы­на сенімділіктері жеткізілді.