17 Маусым, 2011

ҚПО D технологиялық желісін пайдалануға қосты

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
14 маусымда «Қара­шыға­нақ Петролиум Оперей­тинг Б.В» (ҚПО) компа­ниясы Қа­ра­шығанақ өңдеу кешенінде (ҚӨК) сұйық көмір­су­тек­терін тұрақтандырудың қо­сымша техно­ло­гиялық желісін пай­далануға ойдағыдай іске қос­қандығы ту­ралы хабарлады. ҚӨК-те жаңа мұнай өңдеу қуаттылығын іске қосу қазіргі қол­да­ныс­тағы үш техноло­гия­лық желіні тұрақтандыруға қо­сым­ша болады, жы­лына конден­сат өндірісін 2,57 млн. тоннаға арттыруға мүмкіндік береді. ҚӨК Қарашығанақ кен ор­нын­дағы негізгі мұнай өңдеу зауыты болып табылады, бұл жерде өңделген мұнай Атырау арқылы халықаралық ры­нок­тарға экс­порт­талады. Зауытта сондай-ақ кен орнының электр стансасы үшін отын газының және жергілікті тұтыну үшін газ өндірісі жүзеге асырылады. ҚПО-ның D қосымша техно­логиялық желісінің құрылысына жұмса­ған күрделі қаржысының жалпы көлемі бір миллиард АҚШ долларынан асып жығыл­ды. Негізгі жұмыстарды 14 қа­зақстандық компанияның мердігерлері атқарды, олар Қазақ­стан­да 650 миллион АҚШ долларын игерді. Құрылыс кезінде 2 900-ден астам қазақстандық маман жұмысқа тартылды. Жобаның аяқталуына түсі­нік­те­ме бере отырып, ҚПО-ның бас ди­рек­то­ры Джузеппе Пази бы­лай деді: «Біз пайдалануға тағы бір өндірістік қуат­ты­лық­ты іске қостық, осылайша Қ­а­рашығанақ кен орнын игеруде күрделі инвестициялар бой­ын­ша ҚПО мін­детте­мелерінің ор­ындалуын рас­тай­ты­нын тағы бір дәлелдедік». Темір ҚҰСАЙЫН, Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласы.