18 Маусым, 2011

Толеранттылық тірегі

522 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
БҰҰ Адам құқы жөніндегі кеңесінің 17-сессиясы аясында Женевада болған пікірсайыста діни бос­тан­дықты ілгерілету, конфессияаралық толе­рант­ты­лық­та қатар өмір сүру мәселелері басты тақырып болды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Пікірсайысқа ЕҚЫҰ Іс ба­сын­дағы төрағасының Мұ­сыл­­ман­дарға қатысты төзім­ді­лік пен кемсітпеу мәселе­ле­ріне қатысты жеке өкілі, Парламент Сенаты­ның депу­таты Ә.Ахметов қаты­сып, сөз сөйледі. Халықаралық қоғамдас­тық­­тың діни және ұлттық ерекшелігі бойынша төз­беушілікпен және кемсітушілікпен күресте өзара іс-қимылдың маңызды­лығын атап өте келіп, Ә.Ахметов қо­ғамдағы түрлі топтар ара­сындағы өзара түсіністікті ны­ғайту жөніндегі тетіктерді әзір­леу және қолдану мәсе­лелеріне тоқталды. Сенатор айтқандай, был­тыр Астанада өткен то­лерант­ты­лық­ты ілгерілету мәселе­лері жөнін­дегі ЕҚЫҰ конфе­рен­ция­сында төзімділік, кемсітпеу мә­се­лелері мен мәд­е­ниетаралық үн­қаты­суды ілгерілетуде заңна­ма­лар­дың, құ­қық қор­ғау орган­дары­ның, ұлт­тық білім беру жүйесі мен бұ­қаралық ақпарат құ­­рал­да­рының рөлі аталып өтілді. Ә.Ахметов діндерді, мә­де­­ниет­тер мен халықтарды алшақ­тат­пай, біріктіретін ор­тақ құн­дылықтарды уағыз­даған понтифик Иоанн Павел ІІ-нің шақы­ру­ларына  пікір­сайысқа қатысушы­лар назарын аударды.