18 Маусым, 2011

Күн тәртібі бекітілді

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамед­жа­нов­тың жетекшілігімен палата бюросының кезекті отырысы өтті. Онда Мәжілістің салалық комитеттері палатаның жалпы отырысының күн тәртібіне ұсынған мәселелер қаралды. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңна­ма­лық актілеріне зияткерлік мен­шік мәселелері бойынша өзге­рістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқы­лымға ұсынып және «Нота­риат туралы» Қазақстан Рес­пуб­ликасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура­лы» заң жобасын талқылайтын болды. Ал, Экология мәселелері және табиғат пайдалану ко­митеті «Қа­зақстан Респуб­ли­касының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәсе­ле­лері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту­ра­лы» Заң жобасын екінші оқы­лым­ға шығарып отыр. Жоғарыда аталған және басқа мәселелермен бірге күн тәрті­бін­де бірқатар ха­лық­аралық құжат­тарды ратификациялау туралы және жұ­мысын жалғастыру жө­нін­де мәселелер нақтыланды. Әлеуметтік-мәдени даму комитеті, атап айтқанда, «Қа­зақ­стан Республика­сы­ның Еңбек кодексіне өзге­рістер мен толық­ты­рулар енгізу туралы» және «Қа­зақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мем­­лекеттік әлеуметтік тапсы­рыс мәсе­ле­лері бойынша өз­герістер мен то­лықтырулар енгізу туралы» заң жо­ба­ларымен жұмысты жалғас­ты­ру жөнінде әріптестеріне ұсы­ныс жасайтын болып келісілді. Бюро отырысында Мәжі­ліс­тің заң шығарушылық қыз­метіне қа­тыс­ты өзге де мәселелер қа­ралды. «Егемен-ақпарат».