22 маусымда Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы – Хатшылық меңгерушісі Қозы-Көрпеш Жаңбыршиннің төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесі инспекциясының кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында құқық қорғау қызметін инспекциялауды ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайтын құжат жобасы мақұлданды. Осыған орай, оны құқықтық жағынан рәсімдеу жөнінде мемлекеттік органдар шаралар қабылдайтын болады.
2010 жылы құқық қорғау органдары қызметін талдау нәтижелері негізінде оларға азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға, қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмауға және ескертуге, бюджеттік жұмсауларға бақылауды жақсартуға, есептік-тіркеу тәртібін нығайтуға бағытталған тапсырмалар берілді.
Сондай-ақ, алдағы мерзімге арналған инспекция қызметінің негізгі бағыттары айқындалды.
«Егемен-ақпарат».