09 Шілде, 2011

Президент поштасынан

332 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
АСТАНА – ШЫҒЫС ПЕН БАТЫС АРАСЫНДАҒЫ КӨПІР Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына «Опералия» IV халықаралық фестиваліне қатысушылардан – Италия, Германия, Голландия, Норвегия мен Ресейдің әлемдегі та­нымал опера әншілерінен осы халықаралық музыкалық фо­румды тамаша ұйымдастырғаны және жылы шырайлы қа­был­дауы үшін зор ризашылықтарын білдірген хат келді, деп ха­бар­лады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. «Қазақстанның жас елор­да­сы – Астана өзінің даму серпінімен, жаңа зор заманауи ғима­раттарымен бізді қайран қал­дыр­ды. Бізді, әсіресе, Тәуел­сіздік сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, «Қазақстан» ор­талық концерт залы, «Өнер» ұлт­­тық университеті тәрізді жаңа бірегей мәдениет нысандары­ның құрылысы қуантты. Соны­мен қатар, біз ең жоғары та­лаптарға сәйкес келетін, бүгінде әлемдегі осындай түрдегі ғи­мараттар саналатын Опера теат­рының жаңа ғимаратымен та­ныстық. Осыдан-ақ біз Сіздің мәдениет пен өнерді дамытуға ерекше көңіл қоятыныңызды бай­қадық. Сондай-ақ, бізді қа­зақ­стандық әртістердің жылдан-жылға артып келе жатқан жоға­ры кәсіби және шеберлік дең­гей­лері сүйсінтті. Осындай қам­қорлықтың арқасында олар беделді байқауларда жиі жеңімпаз атанып жүр. Әлемдік дағдарыс жағдайында, әлемнің жетекші елдерінде мәдениет қиындықты бастан кешіп отырған уақытта Қазақстанда өнердің ең таңдау­лы түрі – опера мен балеттің қайта өрлеу дәуірі басталды. Қазақстандық әртістер көптеген қойылымдарда әлемдік жұлдыз­дармен тең деңгейде өнер көр­сетіп келеді. Біздің қазақстан­дық әріптестеріміз Сіздің опера мен балет өнерін қадірлей­ті­ні­ңізді, жаңа қойылымдардың бар­лық премьерасына бараты­ны­ңыз­ды мақтанышпен айтып берді. Біз бүгінде қазақстандық театрлардың репертуарлары қан­ша­лықты әртүрлі екенін кө­ріп отырмыз. Қазақстан сахнала­рын­да көпғасырлық тарихы бар, әлемнің кез келген теат­ры­ның репертуарын байыта түсе­тін әлемдік классикалық туын­ды­лар қойылуда. Бүгінде Қазақ­стан, оның әсем елордасы Астана тек Еуразия жүрегі ғана емес, сон­дай-ақ Шығыс пен Батысты, мәдениет пен өркениетті жал­ғас­тыратын көпір болып табы­лады. Елорда күні қарсаңында Сізге денсаулық, бақыт, толай­ым та­быс­тар және сарқыл­май­тын ша­быт тілейміз!» делінген хатта. Хат авторлары – опера ән­шілері Сальваторе Личитра (Ита­лия), Амарилли Ницца (Ита­лия), Тициано Карузо (Италия), Франческо Аниле (Италия), Карло Ди Кристофоро (Италия), Роберто Ди Кандия (Италия), Вильям Грациози (Италия), Дину Тамажлакару (Германия), Яна Саленко (Германия), Юргтиа Дронин (Голландия), Йоэль Карреньо (Норвегия), Анастасия Матвиенко (Ресей), Денис Матвиенко (Ресей), Владимир Малахов (Германия) және Надежда Сайдакова (Германия).