12 Шілде, 2011

Жас сарбаздар ант қабылдады

657 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сенбі күні Орал гарнизонында орналасқан 5517 әскери бөлімнің жас сарбаздары ресми түрде ант қабылдады. Осы көктем айларында әскерге шақырылып, сарбаз атанған жас­тардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары өңірлерінен келгендер. Ант қабылдау рәсіміндегі салтанатты жиынды полк командирі, полковник Т.Дүйсемәлиев құттықтау сөзбен ашты.Өз кезегінде 5517 әскери бөлімінің ардагерлері төрағасының орын­басары запастағы майор Марат Әбдрахманов, құқық қорғау органдарының басшылары, дін өкілдері және сарбаздардың ата-аналары ақ тілектерін айтып ұлдарына баталарын берді. Осындай қуанышты сәт арасында бүгінгі ант қабылдаған жас сарбаздардың ата-ана­лары­мен де тілдесудің ыңғайы келген еді. Солардың бірі – Өскемен қаласынан ат терлетіп келген Беткеевич Людмила туған ұлы жас жауынгер Станислав Беткеевич Отан қорғаушысы болғанына қуаныштан жүрегі жарылардай болып тұрды. «Баламның әскери борышын өтеп жатқан жерін, оның командирлерін көріп қөңі­лім тоғайып тұр. Оның үстіне бұрын әскер екі жыл екі-ақ күн емес пе деуші еді, енді бір жыл деген уақыт па. Қазір-ақ өте шығады ғой. Тек еліміз тыныш, халқым аман болып, аспанымыз ашық болсын», – деді ол. Шара аяқталған соң ант беру рәсіміне жиналған меймандар казарма үй-жайына, сарбаздар асханасына, медициналық бекетке кіріп, бөлімнің тыныс-тір­ші­лігімен танысты. Қалалық мәде­ниет үйінің әншілерінің өнерін тамашалағаннан кейін жауын­герлердің туған-туысқан­дары бө­лім басшылығына ал­ғысқа толы жылы сөздерін білдірді. Ерболат СҰЛТАНОВ, капитан. Орал.
Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025