12 Шілде, 2011

Бірлік пен береке ордасы

517 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
– Өнер атаулыда шекара бол­майтыны секілді, әр елдің орталығы, яғни астанасында бас қосқан өнер адам­дарында да шектеме болмайды. Кім өнерлі, талантты болса, сол адам әрдайым жұрттың көзайымына айна­латыны сөзсіз. Астанаға келгеніме 3 күндей болып қалды. Байқап қарасам, мұнда жан-жақтан жиналған өнер­паздардан бөлек, елордалықтардың өздері ғажайып бір өнер мектебін тәмәмдаған түлектер болып көрінеді. Өйткені, еңбек­теген жасынан еңкей­ген қартына дейін бәрі өлеңдетіп, ән айтып, билеп жүреді екен. Ән, би, думан дегенде біреуден біреу ұялып жатқан, қысылып жатқан жәйттерді көр­медім. Барлық адамдардың көңіл-күйлері тамаша екенін, өмірдің әрбір сәтіне риза­шы­лықпен қарайтынын, бармын деп асқақтамайтын, жоқпын деп қысыл­майтын, әй­теуір қандай жағдай болмасын әркім өзінің көңіл-күйлерін жасап жатқанын бірден байқадым. Осының бәрін олардың мемлекетке, елге, бейбітшілікке деген сенімдерінен аңғаруға болады. – Астанаға менің бірінші келуім. Осыған дейінгі фестивальдерге басқа қалалардың цирк ұжымдары келген болатын. Алайда бірінші сапарым болса да, осыған дейін талай рет келіп жүрген­дей әсер етті маған. Қала ыс­тық, бауыр­мал болып көрінді. Қала­лықтардың қонаққа деген пәк ниеттерін осыдан да байқауға болады. Біз көптеген елдерді аралап, ұлттық цирк өнерімізді талай елге көрсетіп жүрген өнер иелеріміз. Алайда, біз де қарапайым адамбыз. Жақсы қабақ танытқан, адал ниетті жандарды біз де іштей сеземіз. Сол сияқты Астанаға келгенімізде қазақ халқының дархан жүректі, кеңпейілді екендіктерін істері арқылы аңғару бір басқа да, адамдарды көргендегі берілетін энергиялардан аңғару бір басқа. Бәрінің жүздерінен тыныш­тықтың, береке-бір­ліктің, бола­шақ­қа деген сенімнің күшін байқауға болады. Астанаға жасаған бірінші сапа­рым өзіме сондай ұнады. Хань ШОБИН, Қытай Халық Республикасы У Хан қаласы ұлттық цирк орталығының меңгерушісі.
Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025