12 Шілде, 2011

Сандық форматқа дайындық

450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Женева келісіміне қатысушы болып табылатын Қазақстан 2015 жылға қарай толықтай жер үстінде хабар таратудың сандық форматына көшуге дай­ындалуда. Бұл елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыты және оның тиімді болуы үшін мемлекет тарапынан ерекше назар бөлініп отырған маңызды міндет. Бұл туралы 8 шілде күні Вена қаласында өткен  ЕҚЫҰ-ның «Жаңа БАҚ-тарда пікір алуандығын дамыту» атты кеңесінде ҚР Байланыс және ақпарат вице-министрі Нұрай Оразов мәлім етті. Ол сондай-ақ келесі жылы Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында сандық хабар тарату аймағы құрылатындығын хабарлады. 2012-2013 жылдары сандық эфир Қазақстанның облыс орталықтары мен шекара маңындағы аудандарында жұмыс істейді, ал 2015 жылға қарай сандық форматқа көшу республиканың барлық аумағы бойынша толық аяқталады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» агенттігі.