Жақында Алматыда Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов еліміздің дипломатиялық қызметінің ардагерлерімен кездесті, деп хабарлады СІМ-інің баспасөз қызметі.
Президент Н.Назарбаевтың тікелей басшылығымен және қатысуымен отандық сыртқы саяси қызмет өзара тиімді ынтымақтастық пен үйлесімді қағидаттарға негізделе отырып, жақын көршілермен, әлемдік державалармен көпжақты пішіндегі қарым-қатынастарда сенімді жүйе құрды, деді министр.
Қазақстанның ЕҚЫҰ, ШЫҰ және ИЫҰ-ға төрағалық етуі жүзеге асырылып отырған сыртқы саясаттың стратегиялық дұрыстығын және жемістілігін дәлелдейді. Астананың халықаралық аренадағы сыртқы саяси дәстүрін бейнелейді және Қазақстанның көпжақты дипломатиясының сапалы жалғасы болып табылады.
Салтанатты іс-шара барысында Сыртқы істер министрі дипломатиялық қызмет ардагерлеріне наградаларын табыс етіп, оларға зор денсаулық пен игілік тіледі.