12 Шілде, 2011

Жаңа бастамаларға жол ашылды

302 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Сеул қаласында «Прокура­ту­раның жаңа бастамасы – адал және әділ қоғам» атты тақырыпқа арналған бас прокурорлардың төртінші дүниежүзілік саммиті аяқталды. Форум әлемнің жүзден астам елінен жоғары қадағалау органдарының басшыларын жи­нады. Оған Қазақстан Респуб­ликасынан Бас прокуроры Асхат Дауылбаев қатысып, саммит сес­сиясында «Жаңа уақыт сынына қарсы күресте қылмыстық қу­да­лау органдарының тиімділігін арттыру» атты тақырыпта баяндама жасады. Саммитті Корея Рес­публикасының Президенті Ли Менг Бак және БҰҰ Бас хатшы­сының құқықтық мәселелер жө­ніндегі орынбасары Патрисия О’Брайан ашты. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры форум мінбесінен сөз сөйлей тұрып, жалпып­ла­не­та­лық сипаттағы проблемалар, он­ың ішінде трансұлттық ұйымдас­қан қылмысқа қарсы күрес мә­селесі халықаралық қоғамдас­тық­тың күшін біріктіру жолымен ға­на шешімін таба алатынын ерекше атап өтті. А.Дауылбаев сон­дай-ақ, трансұлттық қылмыстарға қарсы әрекет ету бойынша Қа­зақстанда жүргізіліп жатқан ма­ңызды бағыттарға тоқталып өтті. Республиканың әлемдік қоғам­дастықтың белсенді мүшесі ретінде трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес сала­сын­дағы ынтымақтастықты дамытуға өз үлесін қосып отырғаны ерекше атап өтілді. Қазақстан Респуб­ликасы Бас прокуратурасы мен Испания Корольдігінің Бас про­куратурасы арасындағы ынты­мақ­тастық туралы меморандумға қол қойылды. Осы құжат екі ел арасындағы қылмыспен, соның ішінде оның ұйымдасқан түрле­рімен, терроризммен, сыбайлас жемқорлықпен, қару мен есірт­кі­нің заңсыз айналымымен, эконо­мика саласындағы қылмыстармен күресте тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік ашады. Сонымен қатар А.Дауылбаев Корея, ҚХР, Макао, Сауд Ара­биясы, Иран, Молдова, Моңғолия, Латвия, Литва, Таиланд, Ирландия, Италия, Жапония, Түркия, Малайзия және Сингапурдың бас прокурорларымен екіжақты кездесулер өткізіп, өзара ынты­мақ­тастықтың келешегін талқы­лады. Саммиттің қорытындысы бой­ынша оның қатысушылары әлем­дік қауымдастықтың прокуратура ор­ган­дарының одан әрі ынты­мақтас­тығының негізгі ба­ғыт­тары белгіленген декларация қабыл­дады, деп хабарлады Бас проку­ра­тураның баспасөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025