13 Шілде, 2011

Байланыстарға басымдық берілді

408 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Мәжілісінің депутаты, Халық­аралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік коми­теті­нің мүшесі Қабиболла ЖАҚЫПОВ Литва Респуб­лика­сынан бизнес-миссиямен келген делегациямен кездесу өткізді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Кездесуде Қазақстандағы кәсіпкерліктің  өркенде­уін қамтамасыз ететін заңдар жайлы, республикада қолайлы инвестициялық ахуалда Литва капиталымен 100 фирма жұмыс істеп жатқаны туралы айтылды. Клайпедадағы порттарды пайдалану, мәдени байланыстар мен жоғары оқу орындары арасындағы қатынастар да сөз болды. «Литва арқылы Қазақстан мен Қытай арасына логис­ти­калық жоба жасау бізді қызықтырады», – деді Литва деле­гациясын бастап келген «KLASKO» АҚ кеңесінің мүшесі Бенедиктас ПЕТРАУСКАС. Сөз арасында келешекте  Астана – Вильнюс авиарейсінің ашылуы мүмкіндігі жөнінде де сөз болды. Тараптар, сондай-ақ Қазақстан Президенті Н.На­зарбаевтың ашық саясатын бағалай отырып, осы күзде Литва Президентінің біздің мемлекетімізге жасай­тын ресми сапарына үлкен үміт артып отырғандарын да жеткізді.