13 Шілде, 2011

Көңіл айту жеделхатын жолдады

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерация­сының Президенті Дмитрий Медведевке «Булгария» жолаушылар теплохо­ды­ның апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. «Көптеген адамдар құрбан болған Волгадағы «Булгария» жолау­шылар теплоходының апатқа ұшырауы туралы қатты қайғыра отырып естідім. Осы қаралы күні Қазақстан халқының атынан және жеке өзім­нің атымнан қайтыс болғандардың жақындары мен туыстарына шы­найы көңіл айтуымды және зардап шеккендердің тез сауығып кетуі­не тілеулестігімді жеткізуіңізді сұраймын», – делінген жеделхатта.