Аймақтар • 09 Мамыр, 2017

Астана әкімі Жеңіс күнімен құттықтады

1620 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Құрметті астаналықтар және қала қонақтары! Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын!" - деген қала әкімі Әсет Исекешевтің сөзін жариялады шаһар әкімдігінің баспасөз қызметі.

Астана әкімі Жеңіс күнімен құттықтады

"Бұл күн бейбітшілік қалайтын адамзат баласының ортақ мерекесі. Миллиондаған жан құрбан болған Екінші дүние жүзілік соғыста ардагер аға-апаларымыз ерен ерліктің үлгісін көрсетіп, әлемге бейбітшілік дәнін септі. Отан үшін кеудесін оққа тосып, жанқиярлық танытқан аға буынның қажырлы еңбегі адамзат тарихында алтын әріптермен жазылды.

Біз тарихтан тағылым алған ұрпақпыз. Аға буыннан өнеге алатын рухы биік азаматтар көп болғай. Енді ешқашан соғыс болмасын. Аспанымыз әрдайым ашық болып, еліміз өркендей берсін.

Әрбір шаңыраққа береке, істеріңізге мол табыс тілеймін!" - делінген құттықтауда. 

Соңғы жаңалықтар