15 Шілде, 2011

Мемлекет басшысы атына құттықтаулар

442 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні мен кезекті Астана күнін мерекелеу біздің қоғам өміріндегі айтулы оқиға­лар­дың бірі болып табылды. Оған Президент Кеңсесіне Мемлекет бас­шы­сы атына біздің еліміздің барлық өңірлерінен, сондай-ақ шетелдерден ағылып келіп жатқан кең ауқымды да мазмұнды құттықтау хаттар куә. Шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың басшыларынан, кең та­нымал мемлекет және қоғам қайраткерлерінен келіп түсіп жат­қан құт­тық­тау хаттарда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт көш­басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық, халық­аралық саясаттағы, Қазақстанның ырғақты дамуындағы айрықша рөлі атап көрсетіледі. «Сіздің бай саяси тәжірибеңіз, Мемлекет басшысы қызметіндегі ырғақты да жемісті жұмысыңыз қазіргі заманғы Қазақ­станның әлеуметтік-экономикалық даму­ында таңғаларлық табыстарға қол жеткізуге, елдің халықаралық аренадағы беделін арттыруға жағдай туғызды», делінген Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевтің құттықтау­ында. Түрік Республикасының Президенті Абдолла Гүл өз хатында Н.Назар­ба­ев­тың көреген саясатының арқасында Қазақстанның бүгінде жедел қарқынмен дамып отырғанын, ел беделінің өңірлік қана емес, сонымен бірге халықаралық деңгейде де бұлжымастан өсіп келе жатқанын атап көрсетеді. Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримов Н.Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп отырған жан-жақты жаңарулардың тәуелсіз және егемен Қазақстанның сенімді де қарқынды дамуын, оның экономикалық әлеуетінің нығаюын, сондай-ақ елдің халықаралық аренадағы беделінің артуын қамтамасыз етеді, деп атап көрсетеді. Мемлекет басшысының қызметіне Әзербайжан Президенті И.Әлиевтен, Ар­мения Президенті С.Саргсяннан, Беларусь Президенті А.Лукашенкодан, Қыр­­­ғызстан Президенті Р.Отунбаевадан, Тә­жікстан Президенті Э.Рахмоннан, Түр­кі­менстан Президенті Г.Бер­ды­мұха­ме­дов­тен, Украина Президенті В.Януковичтен, Молдова Президентінің міндетін уақыт­ша атқарушы М.Лупуден, Ресей Үкіме­ті­нің Төрағасы В.Путиннен, Қырғызстан Премьер-министрі А.Атамбаевтан келіп түскен құттықтау хаттарда дәл сондай жоғары бағалар берілген. Өткен жылғы сияқты құттық­таулар­дың жалпы көлеміндегі айтарлықтай үлес салмақ шығармашылық, саяси жә­не іскер элитаның, ардагерлердің, жа­қын шетелдердегі, әсіресе, Ресейдегі қатардағы азаматтардың хаттары мен телеграммаларына тиесілі. Авторлар­дың қатарында Украина мен Қазақстан достығы қоғамының төрағасы Л.Ежевский (Днепродзержинск), Днепродзержинск қаласының басшысы С.Сафронов, ТМД Үкімет басшылары кеңесі жа­нындағы Интернационалист-жауын­гер­лер істері жөніндегі комитет төрағасы, Кеңес Одағының Батыры Р.Аушев, Мәс­кеу пасхалық фестивалінің көркемдік жетекшісі В.Гергиев, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі А.Цой, КСРО-ның экс-президенті М.Горбачев, Литваның Ха­лық партиясының төрайымы К.Прунс­кене, Тәжік этно-мәдени бірлестігінің президенті М.Орифов, «ИТАР-ТАСС»-тың бас директоры В.Игнатенко, ТМД-ға мүше мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің Бас хатшысы Х.Бакенов (Санкт-Петербург), ТМД Эко­номикалық сотының төрағасы Ф.Абуллоев (Минск), ЕурАзЭҚ-тың жа­уап­ты хатшысы П.Зверев (Санкт-Пе­тер­бург), ҰҚШҰ бас хатшысы Н.Бордюжа, Кәсіподақтардың жалпы конфедерация­сының бас хатшысы В.Щербаков, Мем­лекетаралық авиация комитетінің төр­айымы Т.Анодина, Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің мүше­лері Э.Россель (Екатеринбург) және В.Ру­шайло (Мәскеу), Башқұртстан бас­шысы Р.Хамитов (Уфа), Астрахань об­лысының губернаторы А.Жилкин, Кемеров облысының губернаторы А.Төлеев, Орынбор облысының губернаторы Ю.Берг, Саратов облысының губерна­торы П.Ипатов, Свердлов облысының губернаторы А.Мишарин, Пенза облы­сының губернаторы В.Бочкарев, Челябі облысының губернаторы М.Юревич, «КамАЗ» ААҚ бас директоры С.Когогин (Набережные Челны), «Руснефть» ҰК» ААҚ президенті М.Гуцериев, «ВТБ» Банк ААҚ басқарма төрағасы А.Костин, «Мечел» ААҚ директорлар кеңесінің төрағасы И.Зюзин, «РТЖ» ААҚ президенті В.Якунин, «Роснано» ААҚ президенті А.Чубайс, «Газпром» ААҚ ба­с­қар­ма төрағасы А.Миллер, «Росатом» МК бас директоры С.Кириенко, «Русал» ОК бас директоры О.Дерипаска, «Интер РАО ЕЭС» ААҚ басқарма төрағасы Б.Ковальчук, «ИТЕРА» компаниялар тобы Директорлар кеңесінің төрағасы И.Макаров және басқа да көптеген адамдар бар. Құттықтаулардың үлкен саны біздің еліміздің азаматтарынан, кәсіпорындар мен ұйымдар ұжымдарынан келіп түсті. Мемлекет басшысының бұрынғы сы­нып­тастары атынан Е.Жүнісбеков (Ал­маты), Л.Завгороднева және Рогалевтар отбасы (Астана), Республика ардагерлері кеңесінің экс-төрағасы М.Сағдиев, зейнеткер Б.Рамазанова, И.Лышниязов пен оның немересі Н.Назарбаев, М.Шейфутов, Ш.Құлмаханов, инженер-ұшқыш Н.Ахмуханов (Алматы), Т.Талипова (Есік), Г.Байкелова (Талдықорған), С. және Л.Югай (Үштөбе), Өскемендегі «Дом надежды» үйінің тәрбиелену­ші­лері Е.Выблов, Г.Қабдырашева, Э.Алиев, М.Бердикеев, Д.Нестеренко және Д.Пьянзин, Социалистік Еңбек Ері А.Калмиев, «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дің кафедра доценті Д.Алонцева, Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген қайраткері Қ.Бітібаева (Өскемен), М. және Н.Назарбаевтар (Қа­рағанды), С.Қожанов (Павлодар), Се­мей­дің құрметті тұрғыны Х.Матаев, зейнеткер Л.Дүйсенбаева (Батыс Қазақ­стан облысындағы Жәнібек поселкесі), студент А.Касмаль (Орал), еңбек ардагері А.Нұрқасымова (Мақат), көп балалы ана Т.Орынбаева, Е.Щетинина (Шым­кент), белгілі жүлдегер спорт­шы­лар Т.Сокирко, Д.Сәтімбекова, Р.Кондрат, Р.Смағұлов (Петропавл) және бас­қалар Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа, оның тамаша перзенті – гүлденіп келе жатқан әсем елорда Астанаға және өз тәуел­сіз­дігінің 20 жылдығын атап өтіп отырған Қазақстанға өздерінің ең жақсы деген тілектерін білдірген. «Теңізшевройл» ЖШС, «Үлбі метал­лургия зауыты» АҚ, «Өскемен арматура зауыты» АҚ, «Өскемен титан-магний ком­бинаты» АҚ, «ПетроҚазақстан» ком­паниясы, Еуразиялық даму банкі, «Заречное» тәжірибе шаруашылығы» ЖШС (Қостанай), Әл-Фараби атындағы ҚазМУ, Ы.Алтынсарин атындағы Арқа­лық мемлекеттік пединституты, М.Х.Ду­лати ат­ын­дағы Тараз мемлекеттік университеті, М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қа­зақ­стан мемлекеттік университеті, Семейдегі орыс әлеуметтік-мәдени орта­лы­ғы, Қазақ­стан Патриоттары партия­сы­ның Шы­ғыс Қа­зақстан облыстық филиалы, «КАЗКА» Қа­зақстан Кәсіпкерлері ассо­циа­циясы, Солтүс­тік Қазақстан облысының бірқатар аграрлық, жастар және этно-мәдени бірлестіктері және басқалар Мемлекет басшысы Н.Назар­ба­евтың Қазақ­стан­ның жан-жақты үй­ле­сімді қайта өрлеуі мен ырғақты модер­низа­ция­лануы ісіндегі ең­бегін атап өткен. Ел Президентін Астана және Қазақстан митрополиті Александр, Орал және Гурьев архиепископы Антоний (Орал), мұсылман дінін ұстанушы Тәңірберген қажы (Тал­дық­орған) терең құрмет және ризашылық сезімімен құттықтаған. Әдебиетшілер – М.Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты С.Досанов (Алматы), жазушы және эколог Э.Ғаббасов (Орал) өздерінің жүрекжарды да мазмұнды хаттарын жолдаған. С.Сматаев (Алматы), Х.Естаева (Риддер), Р.Бұхар­ба­ева (Тараз) өз арнауларын салтанатты өлең түрінде шығарған. Министрліктер мен ведомстволардың бас­шыларынан, облыс әкімдерінен, елшілерден, ұлттық компаниялар басшы­ла­ры­нан және басқа да мемлекеттік мекемелерден, кәсіпорындар мен ұйымдардан көпте­ген құттықтаулар келіп түсті. Іс жүзінде барлық құттықтауларда мемлекеттілікті құру ісіндегі, этносаралық келісімді және ұзақ мерзімді саяси тұрақ­ты­лықты нығайтудағы, экономикалық өсімнің жоғары қарқынына жетудегі, еліміздің посткеңестік кеңістіктегі беделді де ық­палды көшбас­шы­лардың бірі ретінде дамуындағы Қазақ­стан­ның табыстары атап көрсетіледі. Авторлар осы жетістіктердің бәрін Мемлекет бас­шы­сының ажырамас еңбегі деп есептейді және бейбітшілік, Отанымыздың әл-ауқаты мен өркендеуі жолындағы оның қажырлы қыз­метімен тікелей байланыстырады. Кең ауқымды поштамен танысып шы­ғып, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет және үкімет басшыларына, халықаралық ұйымдар басшыларына, мемлекет және қоғам қайраткерлеріне, шетел азаматтарына, сондай-ақ барлық отан­дас­тарымызға олардың құттықтаулары мен ыстық ықыласты тілектері үшін терең ал­ғыс сезімін білдіреді